Жаңалықтар

2016-2017 оқу жылынан бастап біздің колледж өзі үшін  пайдалы дәстүрге айналдырды: күн сайын таңертең жатақханада  тұратын студенттер жетекші және  колледж директоры Жанділдә Қожахметұлымен  бірге флешмобқа шығады, бүгін олардың қатары қызықты қонақтармен толықты . Бұлар конькимен жүгіру спортының спортшылары Кузин Денис және Жигин Александр, олар біздің  флешмобқа аса қызығушылықпен қатысты. Содан кейін колледждің  салтанат залында кездесу өтті, онда өздері жайында айта кетті, студенттер мен педагогтардың сұрақтарына жауап берді.

Бірінші қыркүйек күні — оқушылар мен педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталу мерекесі болып  табылады

Бұл күні біздің колледжде тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары С.Б.Молдашеваның ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Жүргізушілер: педагог-психолог А.Н.Каминская  және ө/о шебері  Б.С.Баудинова барлық студенттерді және олардың ата-аналарын Білім Күнімен құттықтады.

2016 жылдың 29 мамыранда филормония залында Ақылбек Шаяхметтің шығармашылығына 50 жыл толуына байланысты шығармашылық кеші өтті. Филормония залында ақынның шығармашылық жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылды. Кеш Қостанай облысы әкімінің орынбасарының құттықтау сөзімен ашылды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген ақынның жолдастары, қаламгерлері ақынға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, өлең жолдарын ортаға салды.  

Қазақстандықтар үшін мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып, балаларының оқуына ақша жинақтаудың жаңа тетігі жұмыс істейді.

 

 

 

 

Қазіргі заманның ағылшын тілі мұғалімдерінің басты міндеті – шетел тілінде қарым-қатынасының  кезінде тілдік кедергілерді алып тастау. Білім алушылардың тілдік-мәдени құзіреттілігін қалыптастыру тек қана тілдік кедергіні төмендетуге ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың тілді меңгеріп жатқан елдің дәстүрлері мен мәдениеті туралы білімін кеңейту.

 

 

Карта сайта