Жаңалықтар

2015ж. 3 қараша күні Қостанай қызмет көрсету саласының  колледжінде химия пәнінің оқытушысы Р.Қ.Өтембекова ашық сабақ өткізді.Сабақ тақырыбы: «Карбон қышқылдары, топтастырылуы және құрылымы, номенклатурасы, қасиеттері және қолданылуы». Сабақ тақырыбы: карбон қышқылдары,олардың құрылымы, гомологиялық қатары, алыну тәсілдері, қолданылуы мен қасиеттері туралы түсінік беру.

Сабақ үлгісі: біріктірілген сабақ. Сабақта мынадай әдістер қолданылған: интерактивті, практикалық, жартылай-ізденушілік, рефлексия.

Сабақ СКК-24 тобында өткізілді, бұл топта «Химия» пәнінен білімдері жақсы. Кейбір студенттерге (Короткова А., Таранда Е.) озыңқы тапсырмалар берлді: «Карбон қышқылдары» тақырыбына қатысты қызықты деректер  бойынша баяндамалар.

Карта сайта