Қостанай қызмет көрсету колледжі

2017 ж. оқуға шақырады

 

Негізгі орта білім негізінде

Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, бюджеттік  негізде:

  • Аспазшы
  • Кондитер
  • Кәмпитші
  • Бақылаушы-кассир
  • Тамақ өндірісінің жабдық реттеушісі

 

Негізгі орта білім негізінде

Оқу мерзімі 1 жыл 10 ай, бюджеттік  негізде:

  • Даяшы

 

Жалпы орта білім негізінде "СЕРПІН - 2050" бағдарлама бойынша

Оқу мерзімі 10 ай, кбюджеттік  негізде:

  • Электрондық есептеуіш машиналарының операторы (оқыту орыс тілде)

 

Колледж практиканы қаланың ең үздік дәмханаларында, мейрамханаларында, асханаларында, және азық-түлікті қайта өңдеу кәсіпорындарында ұсынады.

 

Оқуға қабылдануы әңгімелесу жолымен байқау арқылы жүргізіледі.

 

 Қаладан тыс жерлерде тұратындар жатақханамен қамтамасыз етіледі.

 

 

 Аспазшы

Аспаздық өнімдерінің дайындау  дағдыларын үйренуді қамтамасыз етеді: бірінші тағамдар, ұлттық тағамдарды дайындау  ерекшеліктерін үйрену, жылумен өңдеу кезінде  өнімде  болатын үдерістермен танысу

 

  

Кондитер

Кондитер әртүрлі қамыр түрлерін,толымдыларды, кремдерді дайындаумен айналысады және өнімді сәндеуді және пісіруді үйренеді. Бұл жоғары сапалы, дәмі мен иісі әртүрлі, сан алуан өнімдер. Жұмыстың үлкен бөлігі арнайы аспаптардың көмегімен қолмен орындалады, бұл кондитер мамандығын өнерге айналдырады.

 

 

Кәмпитші

Бұл мамандықта студенттер мұз кәмпитін, толымдысы бар карамелі, мармелад, пралинді кәмпиттер мен әртүрлі батондардың, сан алуан кәмпит түрлерін және зефирді дайындауға үйренеді.

 

  

Даяшы

Бұл мамандықты тандаған студенттер дәмханалар мен мейрамханалар келушілеріне сапалы қызмет көрсету тәсілдерін меңгереді, әр түрлі банкеттерде қызмет көрсете алады, үстелді сәңдеудің әдістерін, тағамдар мен сусындарды ұсыну тәсілдерін, аралас сусындарды дайындауға үйренеді. 

 

 

Бақылаушы-кассир

Бұл мамандық сауда саласының жұмыскерлерін дайындайды. Түлектер тауар сатылымын ұйымдастыра алады,сатып алушыларға кеңес беріп, сыпайы және мәдениетті түрде қызмет көрсетеді, бақылау-кассалық аппараттарында жұмыс істей алады, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың саудалық сипаттамасы және ассортимент төңірегінде білім алып шығады. 

 

 

Тамақ өндірісінің жабдық реттеушісі

Реттеуші бөлшектердің, сериялы және бұқаралық бұйымдарды автоматты және жартылай автоматты өңдеу үшін әртүрлі жабдық түріне қызмет көрсетеді.

 

 

Электрондық есептеуіш машиналарының операторы

Бұл мамандық түлекке алған білімін хатшы-референт, ЭЕМ бағдарламашы, ЭЕМ операторы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

 

 

Колледж сонымен қатар мамандық бойынша қысқамерзімді курстар арқылы даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырады:

- аспазшы

- Тамақ өндірісінің жабдық реттеушісі

- наубайшы 

- даяшы

- бақылаушы-кассир

- ЭЕМ операторы

- кәмпитші

- метрдотель

- бармен

- кондитер

 

Біздің колледімізде білім алуға шақырамыз!

 

Карта сайта