Қостанай облысы Білім Басқармасы «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының негізі 1973 жылы қаланған. Кәсіптік техникалық білім беру бойынша Қазақ КСР Министр Кеңесінің Мемлекеттік Комитетінің 1973ж. 20 қыркүйектегі  №189/1-2612 бұйрығымен Қостанай қ. сауда және қоғамдық тамақтану жұмыскерлерін даярлау бойынша №17 техникалық училищесі құрылған.

Қазақ КСР Мемлекеттік кәсіптік Білім берудің 13.08.1984ж. № 220 бұйрығының негізінде №17 Техникалық училищесі Орта кәсіптік-техникалық училищесі болып  қайта аталған.

Қостанай Білім беру Департаментінің 30.09.1996ж. № 217 бұйрығының негізінде №17 орта кәсіптік-техникалық училищесі Қостанай аймақтық коммерциялық лицейі болып аталған.

Қостанай облысы Білім беру Департаментінің 17.07.2001ж. № 268 бұйрығының негізінде Қостанай аймақтық коммерциялық лицейі Қостанай қызмет көрсету саласының кәсіптік лицейі болып аталды.

Қостанай облысы Білім беру Департаментінің 29.09.2005ж. №566 бұйрығының негізінде Қостанай қызмет көрсету саласының кәсіптік лицейі «Қостанай облысы Білім Департаментінің Қостанай қызмет көрсету саласының кәсіптік лицейі» ММ болып  қайта өзгертілді.

«Қостанай облысы Білім Департаменті» ММ 29.12.2007ж. № 572 бұйрығының негізінде «Қостанай облысы Білім Департаменті Қостанай қызмет көрсету саласының кәсіптік лицейі» ММ «Қостанай облысы Білім Департаменті №1 кәсіптік лицейі» ММ болып қайта аталған.».

Қостанай облысы әкімдігінің Білім Басқармасының  21.05.2008ж. № 274 бұйрығының негізінде «Қостанай облысы Білім департаментінің №1 кәсіптік лицейі» ММ «Қостанай облысы әкімдігінің Білім Басқармасы №17 кәсіптік лицейі» ММ болып қайта өзгертілді.  

Қостанай облысы әкімдігінің 31.10.2012ж. №488 қаулысының негізінде «Қостанай облысы әкімдігінің Білім Басқармасы №17 кәсіптік лицейі» ММ Қостанай облысы әкімдігінің Білім Басқармасы «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК болып қайта аталған..

Қостанай облысы әкімдігінің Білім Басқармасы «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі»Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жарғысына сәйкес (Қостанай облысы әділет Департаменті Қостанай қаласы әділет басқармасы әділет Министрлігінің «Қостанай облысы әкімдігінің Білім Басқармасы «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» қазыналық кәсіпорнын мемлекеттік тіркеу туралы» 01.02.2013ж. № 129 бұйрығы, 2013ж. 01 ақпандағы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы  БСН 950640000484) Қостанай облысы әкімдігі құрушысы болып табылады, «Қостанай облысы әкімдігінің Білім Басқармасы»ММ уәкілетті органы болып табылады.

Колледж шұғыл басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады.

Заңды мекен-жайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ, Гагарин көш,68.

Карта сайта