Қабылдануы үшін қажетті құжаттар
1) еркін түрде қабылдануы туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 4 дана 3х4 см көлемдегі фотосурет;
4) флюротүсірілім қосымшасымен 075-У формадағы медициналық анықтама (І және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін медико-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы)
5) жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін).
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі, не ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсына алады.