Жаңалықтар

Биыл біз Жеңістің 72-жылдығын атап өттік. 9 мамыр күні фашистер өз жеңілісін мойындады. Содан бері Жеңіс Күні– ұлы мейрам ретінде атап өтіледі.

  

 

 

 

 

 

3 мамыр күні ТЖ жөніндегі орынбасары  Әбікенова Әлия Меңдіғалиқызының және АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Көпбаев Барақ Қасымқанұлының жетекшілігімен біздің колледжімізде азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мақсатында дәстүрге айналдырылған «Сап түзеу және әскери әндер байқауы» іс-шарасы өткізілді.   Байқау Жеңіс күніне және Отанды қорғау күніне орай ұйымдастырылған.

4 мамыр күні колледжіміздің салтанат залында Ұлы Отан Соғысына арналған салтанатты іс-шарасы өткізілді , Бұл іс-шараны СКД-18 тобы дайындаған.  Жүргізушілер Затворницкий Владимир және Скороход Любовь  мереке бойына фашизмге қарсы соғыс, батырлар туралы, ерлік туралы, даңқ  туралы лирикалық жолдарында айтты.

4 мамыр күні біздің колледжімізде  концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін барлығын  колледж ауласындадала асханасы күтті. Бізбен бірге дәмдә ет қосылған арпа жармасынан колледжіміздің құрметті қонағы да Ұлы Отан Соғысының ардагері Подоляков Михаил Иванович  дәм татты. Ардагерге біздің колледжімізде дайындалған сарбаздар ботқасы өте ұнады. Оның айтуынша, ботқа керемет дайындалған, дәл осындай ботқа соғыс жылдарында дайындалған. Педагогтар мен студенттерге осы іс-шара өте ұнап,  есте сақталды.

2017 жылдың 20 сәуірде Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің ақпараттық-насихаттау тобы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші модернизациясы- жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстелін өткізді.

Карта сайта