Ақпараттық-түсіндіру қызметі шеңберінде өңірдегі комплаенс қағидаттарын одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті 2024 жылғы 21 қарашада Қостанай облысы әкімдігінің алаңында Қазақстанның басқа өңірлерінен спикерлердің қатысуымен “Комплаенс саласы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы этиканы дамыту” онлайн семинар-дәрісін өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті модератор болды.
Бұл семинарға колледждің комплаенс-офицері Н. Б. Осипов қатысты, бірлескен жұмыс пен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған міндеттерді іске асыруға негіз болатын бірқатар нақты ұсынымдар әзірленді.