Хабардарлық онкүндік аясында колледжде Ұлттық еріктілер желісінің жаттықтырушыларымен кездесу өтті. Студенттер Қазақстан Республикасы мен Қостанай облысының еріктілерінің жұмысы туралы ақпарат алып қана қоймай, тренинг барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға толерантты көзқарасты қалыптастыруды үйренді. Кездесу қорытындысы бойынша еріктілер “Досқа сыйлық” акциясын және мүмкіндігі шектеулі балалар мен ЦАНда тұратын студенттерге арналған жаңа жылдық мерекеге арналған іс-шараларды бірлесіп өткізу бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі.