Жаңалықтар

15 наурызда Қостанай педагогикалық колледжі базасында Қостанай қ. арнайы орта оқу мекемелерінің арасында ХVIII қалалық Спартакиадасының  есебіне үстел теннисі бойынша жарыстар өткізілді. Осы іс-шараның мақсаты: спорттық шеберліктерін арттыру, мықты спортшыларды анықтау.

 

 

 

 

15 наурыз күні 1-2 курс студенттерімен Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайға бардық.

Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен және салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Мұражай қызметкері ұлттық дәстүр туралы мағлумат берді, сұрақтар қойылды, ұлттық ойындар ойналды.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды, кезесу өте жақсы, қызықты өтті.

Математика оқытушысы  Ж.А.Кусеубаева «Қазіргі заманғы адамға математика қажет пе?» пікір сайысты өткізді. Іс-шараның мақсаты: пәнаралық байланысты көрсету, математика пәніне қызығушылықты арттыру; интелектуалдық, лингвистикалық, коммуникативтік дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпалын тигізу; білім алушылардың ақпаратты іздеу және өңдеу дағдыларын, дау стратегиясын анықтау шеберлігін, пікірталас  жүргізуді; қалыптастыру шыдамдылық, әңгімелесушіні тыңдай білуді, топпен жұмыс жасай білуді тәрбиелеу.

14 наурызда,1-2 курс білім алушылары арасында «Қош келдің, көрікті көктем!» тақырыбында плакаттар байқауы өтті.

Мақсаты: Оқушылардың эстетикалық және шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Байқауға 8 жұмыс ұсынылды. Байқауға қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

1 орынды - СКД-26, СП-27, СП-28,

2 орынды - СМГ-11, СКК-24,

3 орынды - СО-18, СО-19, СК-19 топтары иеленді.

  

Карта сайта