Жаңалықтар

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:

«Білім беру жүйесінің модернизациясы  барысында  келесі шараларды жүзеге асыру қажет: оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу»

Соңғы жылдары мен оқытуға жоба әдісін енгізіп келемін, ол студенттердің зерттеу  жұмысын қалыптастырады , қызметін белсендендіреді,  шығармашылық қабілеттерін дамытады, өздігінен жұмыс жасауын, басты құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Жоба әдістемесін қолдану тәжірибесі «Бірігіп оқу жеңіл және қызықты, сонымен қатар аса тиімді»  екендігін көрсетеді»

Өз-өзіне қол салу (суицид) жағдайлардың алдын-алу , кризистік кезеңде студенттерге дер кезінде психологиялық жәрдем беру мақсатында колледжде әлеуметтік-психологиялық қызметі жұмыс жасайды.Барлық жұмысы студенттердің психологиялық денсаулығының нығайтылуына және жағымды психологиялық жағдай жасалуына бағытталған. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қостанай қызмет көрсету колледжі» КМҚК студенттері арасында өз-өзіне қол салу (суицид) жағдайлары болмаған. Бірінші курс студенттері арасында өз-өзіне қол салу (суицид) жағдайларын алдын-алу мақсатында , 2015 жылдың 14 қазанда өмірлік жоспарды жүзеге асыру үшін еркін эмоционалдық саланы қалыптастыру бойынша тренингтік сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар әлеуметтік және педагогикалық саладағы дезадаптациясы, дамудың өзекті саласын өзгерту мақсатында «тәуекел тобы» студенттерімен жеке әңгімелер өткізілді.

2015ж. 3 қараша күні Қостанай қызмет көрсету саласының  колледжінде химия пәнінің оқытушысы Р.Қ.Өтембекова ашық сабақ өткізді.Сабақ тақырыбы: «Карбон қышқылдары, топтастырылуы және құрылымы, номенклатурасы, қасиеттері және қолданылуы». Сабақ тақырыбы: карбон қышқылдары,олардың құрылымы, гомологиялық қатары, алыну тәсілдері, қолданылуы мен қасиеттері туралы түсінік беру.

Сабақ үлгісі: біріктірілген сабақ. Сабақта мынадай әдістер қолданылған: интерактивті, практикалық, жартылай-ізденушілік, рефлексия.

Сабақ СКК-24 тобында өткізілді, бұл топта «Химия» пәнінен білімдері жақсы. Кейбір студенттерге (Короткова А., Таранда Е.) озыңқы тапсырмалар берлді: «Карбон қышқылдары» тақырыбына қатысты қызықты деректер  бойынша баяндамалар.

Карта сайта