Жаңалықтар

Біздің колледждің студенті, СОЛ-21 тобының білім алушысы Руслан Ахметов әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатында 1 орын алды.

2021 жылдың 14 желтоқсанында колледжде өндірістік оқыту шеберлері Инна Ивановна Ковальчук, Ольга Николаевна Шикина, Натела Георгиевна Хаматнурова және арнайы пәндер оқытушысы Дюсекеева Бибигуль Бахитжановна ШМС оқытушыларға шеберлік-класын өткізді.

Колледжде 2021 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК оқытушысы З.К. Биргибаева СКД-21 тобында «Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары» тақырыбында Қазақстан тарихы бойынша ашық сабақ өткізді, оның эпиграфы Н.Ә. Назарбаевтың келесі сөздері болды: «Әрбір азамат тарихқа терең үңіле отырып, өз ата-бабаларының істерін лайықты жалғастырушы болуы тиіс...».

2021 жылдың 13 желтоқсанында колледжде арнайы пәндер оқытушысы Бибігүл Бақытжанқызы Дюсекееваның қатысуымен «Академиялық дербестікті ескере отырып, ТжКБ ұйымдарымен «Астықжан-Қостанай» ЖШС бірлескен жұмысының мүмкіндіктерін бағалау бойынша SWOT – талдау» тақырыбында семинар өткізілді.

Карта сайта