Колледжде “Өңірлік психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы” КММ қызметі және тәулік бойы жасырын сенім телефонының жұмысы туралы “Егер қиын болса, жай ғана қоңырау шалыңыз” ақпараттық - түсіндіру акциясы өткізілді. Бұл акция психологиялық қолдау көрсету және кәмелетке толмағандар мен ата-аналар қауымының психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіледі.