Жаңалықтар

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысының 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 61 бұйрығының негізіндегі 2021 жылғы 02 сәуірдегі №179, 2021 жылғы 04 мамырдағы №236 бұйрығының өзгерістері негізінде 2021 жылғы мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау жүргізу кезеңі: 2020 жыл және 2021 жылдың өткен кезеңі болып айқындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында колледж тұрақты негізде басшылыққа алатын ұсынымдар болды.

 

2021 жылдың 27 қазанында колледжде Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бизнес өкілдері мен үшінші курс студенттерінің қонақ кездесуі өтті. Кездесу кураторлары Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі - Елена Владимировна Венгерская және "Горячий цех" мейрамханасының басшысы - Наталья Николаевна Тычина болды. Кездесуге СКК-19, СП-19, СП-19/2, СКД-19/1 топтарының студенттері қатысып, кәсіпкерлік қызметке қатысты мәселелер талқыланды.

Карта сайта