Мемлекеттік мерекелер қарсанында  мерекелік құттықтау концертімен Қостанай қызмет көрсету саласының колледж студенттері   29 қарашада  Қостанай автокөлік колледжінде өнер көрсетті, ал 30 қарашада Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттер мен оқытушылар ұжымын концертпен құттықтады. Студенттер және олардың тәлімгері, қосымша білім беру педагогы Т.Б.Мұқашев колледж директоры Ж.Қ.Мақановтың ынтасын қуана қолдады, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні мерекесінің қарсаңында екі концерт көрсетілді.

 

Өз әсерлерімен Қостанай автокөлік колледжінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ефремова Ирина Владимировна бөлісті: «Концерт тамаша өтті, осындай бірлескен шаралар студенттік ортада достық қарым-қатынасының нығайтылуына ықпал етеді,  азаматтық-патриоттық тәрбиелеу рухында мереке алдындағы көңіл-күйлері және жастар бірлестігінің асмосферасы құрастырылды».

Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аханова Әлия Мырзалиқызы өз студенттерімен жауап концертімен келуге дайындығы туралы  мәлімдеді.

Концерттік бағдарламаны студенттер дайындаған – болашақ аспазшылар, кондитерлер , наубайшылар. Мына студенттер белсенді түрде қатысты – болашақ түлектер , оқуға жаңа ғана қабылданған бірінші курс студенттері: Сәбитов Азамат, Қалабаева Ділара, Судак Алена, Полякова Екатерина, Лобанова Надежда, Козлова Виктория, Қазенова Ақжібек, Соколов Андрей. Бағдарлама музыкалық композициялармен және Қазақстан халқының билерімен, Отанға деген сүйіспеншілік өлеңдерімен, Республиканың өткен тарихымен қамтылған.

Барлық көрермендер түрегеп тұрып қол соқты.

 

Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ә.М.Әбікенова

Карта сайта