Жаңалықтар

Педагогикалық оқулар – озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің мерзімді уақытта өткізілетін мәжілістері. Педагогикалық оқулар ұжымдық шығармашылығы және ынтымақтастығының нысаны ретінде дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциядан белгіленген тақырып бойынша өзекті мәселелерді еркін түрде талқылауға мүмкіндік берілетінімен айырықшаланады.

Біздің колледжімізде педагогикалық оқуларды өткізу дәстүрге айналған. 2016 жылдың 6 қаңтарында «Қостанай қызмет көрсету саласының  колледжінде» КМҚК педагогикалық оқулардың 1 кезеңі өткізілді 2016 ж.: «Заманауи білім беру идеялары және сабақ: инновациялық технологияларды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін ұсыну».

1 және 2 курс білім алушыларына «Аспаздық мозаика» викторинасы өткізілді.Білім алушылар  ұлттық және  шетелдік  тағамдарының аспаздығына, түрлі халықтардың салт-дәстүріне  байланысты сұрақтарға жауап берді. Викторинаны арнайы пәндер оқытушысы А.И. Раба өткізді.

Арнайы пәндер апталығы шеңберінде «Техникалық марафоны» өткізілді, жауапты оқытушысы  О.А Разуваева. Марафонға СП-36, СО-36 топтары қатысты. «С миру по нитке» байқау-жаттығуы ұсынылды, онда білім алушылар жабдықтау, химия, физика, материалтану, сонымен қатар әдебиет және география пәндері бойынша білімдерін көрсетті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:

«Білім беру жүйесінің модернизациясы  барысында  келесі шараларды жүзеге асыру қажет: оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу»

Соңғы жылдары мен оқытуға жоба әдісін енгізіп келемін, ол студенттердің зерттеу  жұмысын қалыптастырады , қызметін белсендендіреді,  шығармашылық қабілеттерін дамытады, өздігінен жұмыс жасауын, басты құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Жоба әдістемесін қолдану тәжірибесі «Бірігіп оқу жеңіл және қызықты, сонымен қатар аса тиімді»  екендігін көрсетеді»

Өз-өзіне қол салу (суицид) жағдайлардың алдын-алу , кризистік кезеңде студенттерге дер кезінде психологиялық жәрдем беру мақсатында колледжде әлеуметтік-психологиялық қызметі жұмыс жасайды.Барлық жұмысы студенттердің психологиялық денсаулығының нығайтылуына және жағымды психологиялық жағдай жасалуына бағытталған. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қостанай қызмет көрсету колледжі» КМҚК студенттері арасында өз-өзіне қол салу (суицид) жағдайлары болмаған. Бірінші курс студенттері арасында өз-өзіне қол салу (суицид) жағдайларын алдын-алу мақсатында , 2015 жылдың 14 қазанда өмірлік жоспарды жүзеге асыру үшін еркін эмоционалдық саланы қалыптастыру бойынша тренингтік сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар әлеуметтік және педагогикалық саладағы дезадаптациясы, дамудың өзекті саласын өзгерту мақсатында «тәуекел тобы» студенттерімен жеке әңгімелер өткізілді.

Карта сайта