Жаңалықтар

Армысыңдар, ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.

 Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!

Ар сыналған жылдарда от кешкендер.  

Биыл біз Жеңістің 72-жылдығын атап өттік. 9 мамыр күні фашистер өз жеңілісін мойындады. Содан бері Жеңіс Күні– ұлы мейрам ретінде атап өтіледі.

  

 

 

 

 

 

3 мамыр күні ТЖ жөніндегі орынбасары  Әбікенова Әлия Меңдіғалиқызының және АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Көпбаев Барақ Қасымқанұлының жетекшілігімен біздің колледжімізде азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мақсатында дәстүрге айналдырылған «Сап түзеу және әскери әндер байқауы» іс-шарасы өткізілді.   Байқау Жеңіс күніне және Отанды қорғау күніне орай ұйымдастырылған.

4 мамыр күні біздің колледжімізде  концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін барлығын  колледж ауласындадала асханасы күтті. Бізбен бірге дәмдә ет қосылған арпа жармасынан колледжіміздің құрметті қонағы да Ұлы Отан Соғысының ардагері Подоляков Михаил Иванович  дәм татты. Ардагерге біздің колледжімізде дайындалған сарбаздар ботқасы өте ұнады. Оның айтуынша, ботқа керемет дайындалған, дәл осындай ботқа соғыс жылдарында дайындалған. Педагогтар мен студенттерге осы іс-шара өте ұнап,  есте сақталды.

Карта сайта