20 ақпанда №3 ЖСМ шаңғы базасында «Лыжня здоровья-2016» шаңғы спортының фестивалі өтті. Осы іс-ара Қостанай қаласында шаңғы спортын дамыту, қала халқының арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қалалық құрамасын қалыптастыру үшін спортсмендерді анықтау мақсатында өткізілген.
Шаңғы спортының фестиваліне мектеп оқушылары, АООМ, ЖОО студенттері, әртүрлі жастағы шаңғышылар қатысты. Шаңғы спортын ұнатушылар және спортсмендер шаңғы базасында күштерін сынауға жиналды. Қатысушылардың көңіл-күйлері сергек, жүздері денсаулық және қуаныш сәулелерін шашып тұрды.
Біздің студенттер жаппай шаңғы тебісіне және арнайы орта оқу мекемелерінің арасында XVIII қалалық Спартакиадасының шаңғы тебісіне белсенді түрде қатысты. 1-2 курстың студенттер-қатысушылары: Постникова О. – СК-19, Ермухамбетова А. – СМГ-11, Андреева Я. – СКД-26, Попкова Л. – СКД-26, Лиясова К. – СП-27, Кивилев А. – СБ-11, Каев В. – СП-28, Спиридонов А. – СН-17, Туребаев Е. – СМГ-11, Глынин В. – СН-17, Фомин И. – СК-19, Шмидт Г. – СН-17, Елкин С. – СН-17, Стефанюк П. – СМГ-11, Ибраев А. – СПК-23. Жарайсыңдар!
Шаңғы тебу нәтижелері талқыға салынып, наурыз айының басында дайын болады.
Ясменко В., дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы.