Сабақ өткізу барысында мына мақсаттар қойылды:
- Студенттерді толымдысы бар кәмпиттердің ақауларын анықтау және оларды жою; студенттерде алған білімдері арқылы кәсіптік түсініктері мен әрекет ету тәсілдерін, ғылыми білімнің жүйесін қалыптастыру.
- Зейінділікті, толымдысы бар кәмпиттердің ақаулықтарын анықтау және жою бойынша практикалық шеберлігі мен дағдыларын, жұмыста ептілік пен шапшаңдықты, өз бетінше жұмыс жасауын дамыту.
- Еңбегінің соңғы нәтижесіне жетуіне жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, шикізатты ұқыпты жұмсауға, мамандыққа деген қызығушылығына, ұжымда жұмыс істей алу шеберлігіне.
Сабақ тақырыбы: «Кәмпиттерді глазирлеу кезінде ақаулықтарды анықтау және жою».
Сабақ өткізу кезінде мынадай мақсаттар қойылды:
- Студенттерді толымдысы бар кәмпиттердің ақаулықтарын анықтауға және жоюға; студенттерде алған білімдерін бекіту арқылы әрекет ету тәсілдерін және кәсіби түсініктерін, ғылыми білімнің жүйесін қалыптастыру.
- Толымдысы бар кәмпиттердің ақаулықтарын практикалық анықтау және шеберлігін, зейінділікті, жұмыстағы ептілігі мен шапшаңдығын, өз бетінше жұмыс жасауын дамыту.
- Еңбегінің соңғы нәтижесіне жетуіне, шикізаттың ұқыпты жұмсалуы, мамандыққа деген қызығушылығы, ұжымда жұмыс істей алуына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
СК-37 тобында өндірістік оқыту сабағы сайыс түрінде орта деңгейдегі дайындықпен өткізілді. Топ 2 бригадаға бөлінді. «Баян сұлу» АҚ кадрларды даярлау бойынша инженері М.В Новгородова жауаптарды 5 баллмен бағалады. (дұрыс жауапқа – 1 балл) Жауаптар «Сайыстар экранына» тіркелді.
Оқыту деңгейін таңдауы интеллектуалдық деңгейіне сәйкес келеді. Сабақ құрылымы студенттердің білімдерін, шеберліктерін бекітуіне сабақ үлгісіне сәйкес келеді.
Кіріспе нұсқаулықты өткізу кезінде жұмыс нақты материалдың білімін анықтауға, білімін жаңғыртуға бағытталған. Сұрақ-жауап алуды өткізу кезінде қойылған сұрақтар арқылы, мәселелік өндірістік жағдайды құру арқылы ойлау қызметі белсендірілген.
Студенттің сабаққа дайындық деңгейін анықтау үшін келесі сұрақ-жауап алу түрлері қолданылды:
1 байқау - «Эрудит» екі тапсырмадан тұрды: жаппай сұрақ -жауап алу, кәртішкелер бойынша жұмыс;
2 байқау - мәселелік жағдайларды шешу;
3 байқау - «Тәтті ертегі» үй тапсырмасы, оған студенттер алдын-ала дерек-парағын, «осы фабриканың кәмпиттерінен этикет» өнім көрмесін, фабрика эмблемасын, өнім жарнамасын дайындап келді.
3 байқаудың қорытындысын жасау.
Студенттердің ұйымдастырушылық қызметі сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарына сәйкестендірілген. Жаңа материалды оқыту кезінде мақсаты алған білімдерін бекіту арқылы кәсіби түсініктері мен әрекет ету тәсілдерін қалыптастыруға ықпал ететін, кәмпиттерді глазирлеу кезінде ақаулықтарды анықтау және жою туралы түсінік беру. Студенттердің белсендендіру қызметі мәселелік жағдайлардан шығуы арқылы, өз бетінше жұмыс жасауға студенттерді тарту арқылы жүргізілді. Сабақ барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылықтары байқалды.
Сабақ тақырыбын бекіту кезінде байқау өткізілді: «сен-маған, мен - саған» жаңа тақырыпты игеруін анықтау үшін, ал ағымдық нұсқаулық кезінде студенттер кәмпиттерді глазирлеу кезінде ақаулықтарды анықтау және жою бойынша жұмысы кезінде еңбек машықтарын көрсетті. Өз бетінше жұмыс жасау кезінде студент қызметі бақылауға алынған. Қорытынды нұсқаулықта әр студенттің кәмпитті глазирлеу кезінде ақаулықтарды анықтау және жою кезінде теориялық және практикалық шеберліктерінің жұмысы бағаланды.
Сабақ кезінде көңіл-күйлері мейірімді болды.
Сабақ мақсатына жетті, барлық жұмыс басты аспектілердің жинақталуына бағытталған, барлық сабақ барысы бағдарламалық материалды қамтыған.
Ө/о шебері: Р.У. Жулучаринова