Педагогикалық оқулар – озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің мерзімді уақытта өткізілетін мәжілістері. Педагогикалық оқулар ұжымдық шығармашылығы және ынтымақтастығының нысаны ретінде дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциядан белгіленген тақырып бойынша өзекті мәселелерді еркін түрде талқылауға мүмкіндік берілетінімен айырықшаланады.
Біздің колледжімізде педагогикалық оқуларды өткізу дәстүрге айналған. 2016 жылдың 6 қаңтарында «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде» КМҚК педагогикалық оқулардың 1 кезеңі өткізілді 2016 ж.: «Заманауи білім беру идеялары және сабақ: инновациялық технологияларды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін ұсыну».
Мақсаты: Қазіргі заманғы білім беру мәселелері бойынша кәсіптік қатынас және инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау үшін жағдай жасау.
Міндеттері: педагогикалық және басқарушы қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін жоғарлату.
Педагогикалық оқуларды ұйымдастыру үшін шығармашылық тобы құрылған, педагогикалық оқулардың регламентін және жолдамасын, педагогикалық оқулардың сценариін, шешім жобасын дайындаған, әділқазылар алқасының құрамын қалыптастырды. Секциялар бойынша педагогикалық оқуларды өткізу бойынша шешім қабылданды: қоғамдық пәндер оқытушылары - 1 секция; арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері - 2 секция.
Бірінші секцияда 1 орын - орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы Е.В. Бодроваға берілді. Баяндама тақырыбы: «Өзін-өзі бағалау – студенттердің мета танымдылығын қалыптастыруының шарты».
2 орынды - қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы Ә.Н. Маделина иеленді. Баяндама тақырыбы: «Студенттердің жобалық қызметі».
3 орынды бірдей балл санымен дене тәрбиесі оқытушысы Р.В. Байрамов, және АӘД оқытушысы О.Ғ. Бадыров иеленді.
Екінші секцияда 1 орынды арнайы пәндер оқытушысы А.А. Якунина иеленді, тақырыбы: «Мультимедиялық технологиялары оқыту тиімділігін жоғарлатудың құралы». Интерактивті жабдықта жұмыс жасаудың әдістемесі.
2 орын - И.А. Попкова, өндірістік оқыту шебері.
3 орын - Е.В. Жирнова, арнайы пәндер оқытушысы.
Педагогикалық оқулары - 2016 ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысына талдау жасау: «Заманауи білім беру идеялар мен сабақ: инновациялық технологияларды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін ұсыну» келесі тұжырым жасауға мүмкіндік бердіпедагогтардың көпшілігі заманауи технологиялары мен әдістемелерін игеру бойынша жоспарлы түрде жұмыс жасап жатыр. Студенттердің шығармашылық ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастыруға аса мән беріледі; білім беру, денсаулық сақтау ортасының сақталуы мен қолдау көрсетілуіне назар аударылады. Педагогтардың баяндама жасауы күрделі әдістемелік талқылауға мүмкіндік беретін практикалық нәтижелерге, терең талдау жасауға негізделеді.
Кәсіби қатынасының, шығармашылық іске асырылуының ортасы құрылған, педагогикалық оқулар қарқынды күйде өткізілді. Педагогикалық оқулардың әр қатысушысы өз жұмысының нәтижесін дәстүрлі емес, қызықты, алуан түрде ұсынды