Педагогикалық биеннале – бұл колледж оқытушыларының шығармашылық тәжірибелерін, жобаларын, қызықты тәжірибелерін және сабақтарын көрсету және насихаттау бойынша көрме болып табылады. Оқытушылар - шығармашылық адамдар. Тек табысты оқытушы табысты маман тәрбиелей алады. Экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби дайындықты жүзеге асырады, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізеді, жұмыс тәжірибесімен алмасу арқылы біліктілігін арттырады, олар тіпті қиын кезеңдерде де ешқашан шаршамайды. Оқытудың қай форматта өтетіні маңызды емес, шығармашылыққа кедергі жоқ! Мұны педагогикалық биенналеде біздің колледждің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері дәлелдеді.

Көрмеде ашық сабақтар, шеберлік сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар әзірлемелері, әдістемелік ұсынымдар, тест тапсырмаларының және дидактикалық материалдардың жинақтары ұсынылды. Біздің оқытушылар студенттерді түрлі конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға қатысу үшін белсенді түрде тартады, біздің білім алушылардың жетістіктерін педагогикалық биенналдан да көруге болады.
Бұл биенналеде ұсынылған оқытушылар жұмысының аз ғана бөлігі. Басты нәтиже – біз тұрақты жүйелі даму және үздіксіз білім алу, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және қоғамда дербес өмірге дайындалу үшін жағдай жасаймыз.

Карта сайта