СФ-32 тобында «Шұжық өнімдерінің қалыптаушысы» өндірістік оқыту сабағы өткізілді.
«Ұсақ тілімді жартылай өнім -бефстрогандарды дайындау» тақырыбы бойынша өндірістік оқыту сабағы ұсынылды. Болашақ-тақырыптық жоспардағы «Ет жартылай өнімдерін дайындау»бағдарламасының оныншы тақырыбы. Үлгі бойынша - жетілдірілгенсабақ, ет жартылай өнімдерін дайындау бойынша алдында алған білімі, шеберлігі. Бағдарлама бойынша сабақ тақырыбына 6 сағат берілді.
Сабақтың басты мақсаттары болып табылады:
Білімділік:
- Білім алушыларды ұсақтілімді жартылай өнім-бефстрогандарды дайындауға үйрету. Бефстрогандарды дайындау технологиясын, сапа және сақтау талаптарын үйрету.
Дамытушылық:
- Кәсіптік және танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік:
- Еңбекке деген сана-сезімдік қатынасын тәрбиелеу.
Барлық сабақ кезеңдері топ ерекшеліктерін есепке ала отырып, осы мақсаттарды орындауға бағытталған.
Кіріспе нұсқаулық кезеңінде ойын түрін қолдана отырып жаңа әрекет ету тәсілдерін қалыптастыру, білім алушылардың білімі мен тәжірибесін көкейтесті ету, сабаққа жоспардың орнатылуы жасалды.
Ұйымдастырушылық кезеңінде ө/о шебері әр білім алушының және топтың сабаққа дайындығын тексеріп шықты, сабаққа келмеген білім алушылар белгіледі.
Үй тапсырмасын тексеру үшін 3 айналым өткізілді:
1) Осы тақырыптың алдында өтілген материалмен байланысына, білімді көкейтесті етуге ықпал ететін «Натуралды үлестік жартылай өнімдер» тарауы бойынша ойын түрінде, сөздік диктант және практикалық жұмысының түрінде теориялық материалды қайталау, сөздік диктантэлектрондық презентациясы түрінде көрсетілді. Екі команданың білім алушыларыөз бетінше ұсынылған сұрақтарға жауап берді, дұрыс жауабы экран бетінде шығады.
2) Презентацияларды қолданумен өндірісте туындаған мәселелік жағдайлардың шешімі.
3) Электр жабдықтарында жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын тексеру - қатесі бар мәлімдеме берілген қауіпсіздік техникасы бойынша айтылым тізімін қолдану.
Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін әділқазылар алқасы 3 айналымның нәтижелерін жариялады.
Ө/о шебері сабақтың жаңа материалын технологиялық үдерістің бөлек үдерістің сүйемелденуімен слайдтар арқылы көрсетті.
Арықарай ө/о шебері бефстрогандарды дайындау үшін, экранда сызба түрінде сиыр етін бөліктерге бөлудің технологиялық сызбасы назарларына ұсынылды.
Білім алушыларды қауіпсіздік техникасының жабдықтарымен және сақталуымен таныстырады. Ө\о шебері презентация арқылы жартылай өнім-бефстрогандарды дайындау технологиясын көрсетеді, әр слайдта бөлек үдеріс түрі көрсетілген.
Жаңа материал экранға шығарылған сұрақтар көмегімен бекітілді. Әр команда осы тапсырмада қосымша ұпайларды жинайды.
Кіріспе нұсқаулықтан кейін шебер және білім алушылар ағымдық нұсқаулыққа көшеді - 4 турға.
Ағымдық нұсқаулық тексеріс шолудан тұрады, әрбіреуі нақты мақсаттарды қарастырады: жұмыс орындарының қамтылуы мен,жартылай өнімдерді дайындау кезінде әдістердің орындалуының дұрыстығы, жұмыс орындалуының технологиялық тізбектілігін сақтау, жабдықпен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы мен санитариясын сақтау, жеке түрде білім алушыларға нұсқаулық беру, өзін-өзі қадағалау ды жүргізілуінің дұрыстығы, орындалған жұмысты қабылдау және бағалау, қорытынды жасау.
Қорытынды бөлімінде жоспарды орындау және сабақта алға қойылған мақсатына жетуі туралы қорытынды жасалды. Осы кезеңде шебер жалпы ескертулерін, орындалған жұмыстардың артылықшылықтары мен кемшіліктерін айта кетті, баға қойылды, білім алушылардың бағалау картасы толтырылды, ү/т берілді.
Сабақта алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі оқыту құралдары қолданылды: ноутбук, MS PowerPoint бағдарламасы, проектор, нұсқаулық карталары, шебердің жеке көрсетілімі, сызбалар, әдістер, олар: сөздік-көрнекілік, практикалық. Сонымен қатар сабақта мәселелік оқыту әдістері, рейтингтік баға беру, денсаулық сақтау технологиялары қолданылды. Осылардың барлығы оқытылған материалдың аса көрнекілігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар білім алушының сабақта өздігінен жұмыс жасауын дамытуға, танымдық белсенділігін жоғарлатуға ықпалын тигізеді.
Өндірістік оқыту сабағының құрылымы нормативтерге сәйкес құрылған. Сабақ біртұтас жүйені құрайды. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді, жоспар жүзеге асырылды. Білім алта белсенді түрде жұмыс жасалды. Әрбір білім алушы сабақта жақсы бағаға ие болды: кіріспе нұсқаулық кезінде белсенді қатынасуы және практикалық тапсырманы орындауы.
Ө/о шебері: А.Қ. Казбекова