2021 жылдың 25 қарашасында «Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК «Серік алаңы» жобасы аясында «Торттарды безендіру элементтері» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Шақырылған қонақтар «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушылары болды. Шеберлік сыныпқа бірінші курс студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Өткізілген іс-шара кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасайды және таңдаған мамандыққа қызығушылықты оятады, әріптес колледжбен ынтымақтастықты кеңейтеді.

Карта сайта