Математика пәні бойынша «Өз ойыным» зияткерлік ойыны
2021 жылдың 25 қарашасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері апталығы аясында математика пәнінің мұғалімі Бектыбаева Айман Капеновна математикадан «Өз ойыным» зияткерлік ойынын өткізді.
Іс-шараның мақсаты математикаға деген қызығушылықты дамыту және нығайту, танымдық және шығармашылық белсенділікті ынталандыру, тез тапқырлықты, қызығушылықты, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту болды.
Ойынға бірінші курс студенттері – СКД–21, СП–21 және СПК–21 қатысты.
«Екіде екі» (СКД-21 тобы) командасы қарсыластарынан үлкен алшықтығымен ойында жеңімпаз атанды.
Ойында қатысушылар да, көрермендер де көп нәрсені біліп, жақсы көңіл-күймен кетті.