Елена БУЗЮКИНА аспаздық ісінде жоғары шеберлікке қол жеткізуге тырысады. Ол өзіне еліктейтін, соған ұқсас болғысы келетін кондитерді таңдап алды – оләйгілі мәскеулік кондитері.
Қызмет көрсету колледждің студенті Бузюкина Еленаның өмірі қарқынды өтіп жатыр. «Көшбасшымектебі» әртүрлі конференцияларға қатысуы, жастар мәслихаты. Бірақоның арманы кондитер мансабы жайында емес.
Басқа қыздар сияқты ол анасына ас-үйде көмектесіп жүреді. Бала кезінен бастап ас әзірлеуді үйренді. Анасы үйіне жиі шаршап келеді, Лена оны қуантып, таңғалдырғысы келеді.Бірақ өзінің болашақ мамандығын ас әзірлеумен байланыстырғысы келмеген, бұл мамандықты таңдауына 9 сыныпта қызмет көрсету саласының ашық есік Күнінде кондитерлердің шеберлігін көрген кезде ойын өзгертті.
Оқуы өзіне өте ұнайды. Креммен сурет салу, шайыр арқылы жабыстыру,түрлі қамыр түрлерінің негіздерін тану. Бос уақытында - түрлі пісірімдерді дайындайды. Жақындары әзірлеген тәтті тағамдарына дән риза. Ал, Лена өзіне қатал қарайды. Кітапшаларда жоқ нюанстар мен технологиялық қулықтар бар. Кондитерлік істе математикалық дәлділік өте маңызды. Ұн сәл көбірек салынса - қамыр аласарады, тығыз болады, ұн аз салынса - тез көтерілмейді.
Лена колледжді бітіргеннен кейін арықарай оқуын жалғастырады. Жоғары технолог білімін алуға, оқуға түседі. Себебі тек қана амбицияларында емес, сонымен қатар өз ісінің кәсіпқойы атануына деген ұмтылысы. Оның, соған ұқсас болғысы келетін бір маманы бар, егер болашақта сондай мүмкіндік болып жатса, соның тағылымдамасынан өткісі келеді. Бұл мәскеулік кондитер Ренат Агзамов, оны элиталық және жұлдыздық шебері деп атайды. Ол әлемнің атақты адамдарына керемет тәтті біртумаларын жасайды. Оның жасаған торттарының құны миллиондаған долларға жетуі мүмкін, салмағы – бірнеше тонна, биіктігі – екі метрден асады. Композициясы, дәмі және көркемдігі-бәрі жоғары деңгейде.Лена осылардың бәрін үйренгісі келеді.
ТЕЗ ДАЙЫНДАЛАТЫН КЕКС
4 ас қасық ұн, 4 ас қасық қант, 2 ас қасық какао, 3 ас қасық сүт, 1 жұмыртқа, 3 ас қасық өсімдік майы, 0,5 шай қасық ас содасы. Бәрін араластырамыз, шыныдан жасалған отқа төзімді қалыпқа құйып, қысқа толқынды пешке 3 минутқа қоямыз. Нәзік кекс шығады. Оны кез-келген креммен жағуға болады. Кекске жемістерден гөрі жаңғақ салсаңыз дәмдірек болады.