2016 жылдың 15 ақпанда сағат 12.00-де «Мирас» мәдениет үйінде Қостанай қаласының әскери-патриоттық клубтарының Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі өткізілді. 1979 жылдың 27 желтоқсанынан - 1989 жылдың 15 ақпанына дейін мерзімде Қостанай облысынан 1114 адам шақыртылды, Ауған соғысында интернационалдық парызынорындауының 27 - жылдығын атап өту мақсатында жиналды.

  

Ауған соғысында біздің жерлестеріміз ерлік пен батылдықтарын көрсете білді, алдарына қойған міндеттерін абыроймен атқарып шықты. Барлығы 44 жауынгер мерт болды. 2 адам іс-түссіз жоғалды. Қаһармандығы, қажырлығы,өжеттілігі үшін Қостанай жауынгерлері Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталды.

Меңдіқара ауданының тумасы, подполковник Ухабов Валерий Ивановичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қостанай қызмет көрсету саласының «МЕРГЕН» әскери-патриоттық клубы барлық патриоттық шараларға белсенді түрде қатысып тұрады.

Ауған интернационалист – жауынгерлерінің мәңгілік даңқыжәне мәңгі жадымызда сақталуы.

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы

Запастағы подполковнигі О.Ғ. Бадыров.

Карта сайта