2016 жылдың 18 ақпанда Достық үйінде Талдықорған облысының тумасы Қазақстанның халық қаһарманы, ғарышкер, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің полковнигі Аимбетов Айдын Ақанұлының оқу мекемелерінің, ұйымдарының өкілдерімен, суретшілерімен, жазушыларымен және ақындарымен кездесуі өтті.

 

 

Айдын Ақанұлымен кездесу көңілді, мейірімді жағдайда өтті, халық қаһарманы өзі жайлы әңгімелеп берді. Балалық шағында әкесімен шөп шапқан кезде, түні бойы аспанды қадағалаған кезде ,оны аспандағы жұлдыздар саны таңғалдырды, Юрий Алексеевич Гагарин сияқты ғарышкер болғысы келді. Мектепті бітіргенне кейін әскери ұшу училищесіне оқуға түседі, содан кейін Қарулы күштерінде әскери қызметін атқарады. Ұшқыш сынаушы, 2009 жылы ғарышкерлер қатарына алынуын қол жеткізеді, тек қана 2015 жылы оның игі арманы орындалды. Ғарыш орбитасында 10 күн  болды. Қазақстан Үкіметінің оның алдына қойған барлық міндеттерді зор мақтанышпен және жауапкершілікпен орындап шықты. Алғашық әскери дайындық пәнінің сабақтарында Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі студенттері аса қызығушылықпен Әскери қаруы күштері және Қазақстанның ғарышкерлері жайлы  тыңдайды.

 

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы: О.Ғ. Бадыров

Карта сайта