Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:
«Білім беру жүйесінің модернизациясы барысында келесі шараларды жүзеге асыру қажет: оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу»
Соңғы жылдары мен оқытуға жоба әдісін енгізіп келемін, ол студенттердің зерттеу жұмысын қалыптастырады , қызметін белсендендіреді, шығармашылық қабілеттерін дамытады, өздігінен жұмыс жасауын, басты құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі.
Жоба әдістемесін қолдану тәжірибесі «Бірігіп оқу жеңіл және қызықты, сонымен қатар аса тиімді» екендігін көрсетеді»
Қысқаша тарихи анықтамалығы
Жоба латын тілінде “projektus” “алға кеткен ” деген мағынаға ие.. Француз сөзі “projet” “болашақта жүзеге асатын ниет”дегенді білдіреді.
Жоба әдісі өткен асырдың басында пайда болған. Негізін қалаушылар: американдық ғалымдар Дьюи и Килпатрик. Олар оқытуды білім алушының өмірінде алған білімдерін қолдана отырып, практикалық қызметі арқылы құрған. Қазіргі күні жоба әдісі табысты дамытылып, баршаға мәлім. “Менің барлық оқып-білгендерім маған не үшін керектігін білемін. Оны қалай және қай жерде қолдана алатынымды да білемін” – міне осы жоба әдісінің қазіргі заманға сай түсінудің басты тезисі.
Қазақ тілін оқытуда жобаның мақсаттары мен міндеттері
Қазақ тілін оқытуда жоба әдісін қолданудың басты мақсаты студенттердің коммуникативті құзыреттілікті игеру мүмкіншілігі болып табылады, дәлірек айтқанда тілді практикалық тұрғыда меңгеру.
Коммуникативті құзыреттілік түсінігіне мыналар жатқызылады:
- сөз құзыреттілігі – сөз құзыретінің барлық түрлерінде коммуникативті шеберлікті айқындау мүмкіндігі: аудирлеу, айтылым,жазу, оқу, нақты тақырып шеңберінде аударма жұмысы;
- лингвистикалық құзыреттілік – лексиканы меңгеру,сөз қорын кеңейту.
- әлеуметтік мәдени құзыреттілік – оқытылатын тілдің мәдениеті туралы білім алу
- әдістемелік құзыреттілік – анықтамалық әдебиетімен өздігінен жұмыс жасау шеберлігін айқындау,түрлі білім салалары бойынша өздігінен қажетті ақпаратты алу.