Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК «Мейрамхана қызметі» құзіреттілігінің қатысушылары А модуль бойынша облыстық WorldSkills чемпионатының «Қызмет көрсетуге дайындық» тапсырмаларын орындап жатыр.

Қатысушылардың таңдауы бойынша майлықтарды бүктеудің түрлі әдістерін көрсетіп жатыр. Одан әрі сайыстың қатысушылары мәзір бойынша құралдар мен қажетті ыдыстарды дайындаудың мәзірі бойынша үстелге дастархан жаю тапсырмаларын орындайды.

«Тағамды әзірлеу мен безендіру» В модулінде қатысушылар жеміс табақшасын безендіреді, одан әрі жаңа піскен және консервіленген жемістерге көшеді.

Карта сайта