1 және 2 курс білім алушыларына «Аспаздық мозаика» викторинасы өткізілді.Білім алушылар  ұлттық және  шетелдік  тағамдарының аспаздығына, түрлі халықтардың салт-дәстүріне  байланысты сұрақтарға жауап берді. Викторинаны арнайы пәндер оқытушысы А.И. Раба өткізді.

Арнайы пәндер апталығы шеңберінде «Техникалық марафоны» өткізілді, жауапты оқытушысы  О.А Разуваева. Марафонға СП-36, СО-36 топтары қатысты. «С миру по нитке» байқау-жаттығуы ұсынылды, онда білім алушылар жабдықтау, химия, физика, материалтану, сонымен қатар әдебиет және география пәндері бойынша білімдерін көрсетті.

 

«Жас инженер» байқауы білім алушылардың қамыр илегіш машиналары тақырыбы бойынша практикалық білімдерін  көрсетті. «Профи» байқауы, командаларға машиналардағы ақаулықтарды жоюларына мүмкіндік берді. Орындар келесідей бөлінді 1орын -СП-36тобы, 2 орын-СО-36 тобы; Жеңімпаздар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

«Экономикалық викторина» өткізілді. Қатысушылар команда атауымен, эмблемасымен, өз командасының ұранымен таныстырды. Викторина 8 айналымнан тұрады, үдерісінде  студенттердің экономикалық ойлау қабілеті дамытылады, олардың таңымдық қызметі белсендіріледі. Викторинаны жүргізуші және әділқазылар алқасының 3 көмекшісі өткізеді.

Осы іс-шараны дайындау кезінде команда студенттері қатысты: алдын ала әр команданың капитандары тағайындалды, олар команданың атауын, эмблемасын, ұранын  дайындады, сонымен қатар командаларға үй тапсырмасына «Менің кәсіпорным» шығармашылық презентациясын дайындап келулері берілді

Команда қатысушыларының белсенділігі айналымның әр кезеңінде  жоғары болды.

Әр айналымнан кейін викторина қорытындысы шығарылады,  сонында әділқазылар жеңімпаздарды марапаттайды – бұл СКД-35 «Кондитер» тобы.

«Мен  бәрін істей аламын» кәсіптік шеберлігінің байқауы өткізілді, жауапты оқытушысы А.И. Раба. Байқауды өткізу үшін . СП-36, СП-27, СП-28. Аспазшылар бөлімінің екінші және үшінші курс студенттері тартылды.Байқау екі кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең-тестілеу, екіншісі тағамдарды әзірлеу: «Витаминный» салаты, «Үй кеспесі», «Ет орамасы» фри картоп гарнирі, «Қара кофе».

Барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті, грамоталармен, ақшалай және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Орындар келесідей бөлінді:

I орын  СП-36  тобының студенті - Мухамеджанова Эльнара

II орын СП-36 тобының студенті  Киколенко Екатерина

III орын  СП-36 тобының студенті  Гончарова Екатерина.

«Интеллектуалдық казино» ойыны өткізілді, жауапты оқытушысы Р.Р.Абдулина

Ойынға 2 курс студенттері қатысты -  СКК-24 тобы «Бақылаушы-кассир» мамандығы бойынша. Ойынға 2 команда қатысты: «Апельсинки» командасы - капитаны Лазаренко Александра, «Nоn -stop» командасы - капитаны Иванова Вероника. Ойын 7 айналымнан тұрды. Ойынның бірінші айналымында, әр команда команда атауымен, сәлемдесуімен, эмблемаларымен таныстырады. Екінші айналымда  "Сергіту сәті" байқауы, командалар сұрақтарға жауап берді. Үшінші айналымда «Ойлан.Тап.», мұнда командалар, кесені пайдаланып, сұрақтарды таңдайды.«Азық-түлік тауарларын тану», «Бөлшек сауда технологиясы» пәні бойынша сұрақтар дайындалған. Төртінші айналымда «Бөлшек сауда технологиясы» пәні бойынша «Шесть - Е» викторинасы өткізілді.

Бесінші айналымда  «Мамандықтарға бағдарлау», командалар берілген сипаттамасы бойынша  қай мамандық екендігін тауып алулары керек. Алтыншы айналымда  «Сатып алушыға қызмет көрсету», командалар  сатып алған тауарлардың жалпы құнын және  тапсырылған соммасын санау керек.  Жетінші айналымы- «Великолепная семерка» - мысалдарды шешу, белгілерді және жақшаларды дұрыс қою. Қоытынды бөлімінде , әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтады: 1 орын –  «Апельсинки» командасы; 2 орын – «Nоn-stop» командасы.

Менеджмент» пәні бойынша  «Жас менеджер» интеллектуалдық ойыны өткізілді, жауапты оқытушысы Р.Р. Якунина , оған СМ-34  метрдотель тобы қатысты  3 курс. Топ екі командаға бөлінді: «Экстрим» және «Жоғары лига».

Ең қызықты сайысы  «Мен кәсіпкермін». Әр  команда – жаңа кәсіпорынның құрылтайшылары. Сіз өз ісіңізді ашқыңыз келеді. Өз бизнесіңізді ашу үшін, бастапқы капитал қажет. Әр командаға өз фирмасының презентациясын дайындап келулері қажет және  инвесторлар (банкирлер) алдында өз жобаларын қорғау қажет.

Командалар өз презентацияларын дайындап, қорғады.  Осы байқаудың барысында командалар арасында олардың фирмаларының  элементтері бойынша  кішігірім дау  туындады. Бірінші презентация  «Кофемания» кофейнасын ашуға арналды, екінші презентация  - «Вояж». Турфирмасын ашылуына арналды. Екі жоба да өте, көрнекті, мазмұнды және әдемі орындалған . Әділқазылар байқау нәтижесін хабарлады жеңімпаздарды грамоталармен марапатталды. «Экстрим» командасы жеңіске жетті..

«Даяшы мамандығы бойынша үздігі» байқауы өткізілді, жауапты оқытушысы Л.В Новикова.Байқау мақсаты  теориялық білімдерін тереңдету, кәсіби шеберлігінің деңгейін кеңейту. Өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арықарай дамытуға ықпал ету.

Байқау екі айналымнан құралды: теориялық және практикалық. Теориялық айналымы жеке тестілеу түрінде өткізілді. Тестілеуге барлық оқу курсында оқытылған тақырыптар бойынша сұрақтар қарастырылған.

Практикалық айналым 3 тапсырмадан тұрды:

1 Үстел сервировкасын орындау

2 Келушілерге қызмет көрсету бойынша практикалық тапсырмаларды орындау

3 Ұсынылған азық-түліктерден коктейль дайындау және келушілерге оны ұсыну.

Байқауға даяшылар және метрдотель топтарының білім алушылары қатысты.  Қатысушылар шарап  және шампанды штопырмен ашып, құйды. Үстелдерге дастархан жайып, дастархандардың ауыстырылуын, табақтарға салып тағамдардың тасуын, тапсырыс қабылдануын, бірінші және екінші тағамдарды ұсынуын, келушілердің есептеуін, ыдыс-аяқтарды мұнтаздай сүртуін орындаған.

Коктейльдерді дайындау және  презентациясы кезінде студенттер өздерінің шығармашыл қабілеттері мен қиялдарын  көрсете білді.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды СМ-34 тобының студенті – М.Севастьянова, II орынды осы топтың студенті А Бірімжанова, III орынды  В.Блинов  (СО-36) иеленді.

Карта сайта