2015ж. 3 қараша күні Қостанай қызмет көрсету саласының  колледжінде химия пәнінің оқытушысы Р.Қ.Өтембекова ашық сабақ өткізді.Сабақ тақырыбы: «Карбон қышқылдары, топтастырылуы және құрылымы, номенклатурасы, қасиеттері және қолданылуы». Сабақ тақырыбы: карбон қышқылдары,олардың құрылымы, гомологиялық қатары, алыну тәсілдері, қолданылуы мен қасиеттері туралы түсінік беру.

Сабақ үлгісі: біріктірілген сабақ. Сабақта мынадай әдістер қолданылған: интерактивті, практикалық, жартылай-ізденушілік, рефлексия.

Сабақ СКК-24 тобында өткізілді, бұл топта «Химия» пәнінен білімдері жақсы. Кейбір студенттерге (Короткова А., Таранда Е.) озыңқы тапсырмалар берлді: «Карбон қышқылдары» тақырыбына қатысты қызықты деректер  бойынша баяндамалар.

Сабақ басында сараланған жауап алу жүргізіледі:

1) Үй тапсырмасы ретінде берілген тапсырмаларды орындау. (А.Лазаренко);

2) Химиялық реакцияларды құру (Усова Кристина);

3) Кәртішкелер бойынша жұмыс (Попопв М., Саратовцева А., Бабич А., Корытная А., Головнева Д.);

4) Жаппай жауап алу, сұрақ-жауап (қалған студенттер қатысты).

Барлық студенттер тапсырманы жақсы орындап шықты.

Жаңа материалды оқып-үйренуі кезеңмен  жүргізілді:

1) Жалпы сипаттамасы, гомологиялық қатары, номенклатурасы,карбон қышқылдарының изомериясы.Анықтамасы.Топтастыру. Гомологиялық қатары.

2) Физикалық қасиеттері. Осы кезеңде студенттер баяндамаларын дайындаған: Куликова А. – жалпы сипаттамасы, Ергалиева А. – құмырсқа қышқылдарының қасиеттері, Фесикова И. – сірке су қышқылының қасиеттері, Кулешова А. -  валерьян қышқылының қасиеттері.

3) Химиялық касиеттері, алыну тәсілдері. Анисимова С. Сірке су қышқылының химиялық қасиеттеріне тәжірибе жүргізді:  адамның қатысуынсыз «шарды үрлеу».

4) И Гуляева және А. Паненко карбон қышқылдарының өнеркісіпте және тұрмыста қолданылуы туралы баяндамаларын дайындаған.

Студенттер сабақ үдерісіне белсенді түрде қатысты, білім алуда жалпы қызығушылықтары байқалды. Білім алушылардың баяндамалары  қызықты және танымдық болды. Студенттер химиялық терминдерді қолдана отырып,еркін түрде түсініктерін берді.

Оқытылған материалды бекіту кезеңі химиялық диктант түрінде жүргізілді, бұл диктантты студенттердің көбісі (78%) жақсы жазды.

Қорытынды бөлімінде білім алушыларға мынадай сұрақтар қойылды:

* Қандай жаңалық аштыңдар?

* Не үйреңдіңдер?

Сабақ қорытындысы жасалды, алған қойылған мақсатына жетті. 

 

Карта сайта