2021 жылдың 05 мамырында «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК СКД-18 тобының түлектері өндірістік оқыту шебері М.Н. Кирсанованың басшылығымен М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетіндегі «Бос орындар жәрмеңкесіне» барды.
«Бос орындар жәрмеңкесіне» қала мен аудандардың кәсіпорындары қатысты. Олардың арасында «Глория» мейрамхана-қонақүй кешені, «Гостиница МЕДЕО» ЖШС, «СарыАркаАвтопром» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Аян-Озат от Розумович» ЖШС және басқалар болды.
СКД-18 тобының студенттерін еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен және еңбек нарығымен таныстырды.