15 мамыр - Дүниежүзілік отбасы күніне арналған бірінші курс студенттері арасында «Менің сүйікті отбасым» атты шығарма сайысы өткізілді. Өткізген: қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі – Абишева Айман Қанатқызы.
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылық,қайырымдылық,достық қарым-қатынысты қалыптастыру,сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
«Менің сүйікті отбасым» тақырабына шығарма жазылды. Бұл шығарманы жазуға 1 курс студенттері қатысты. Олар отбасы құндылықтары туралы қағаз бетіне жазып,өз ойларын толық жеткізе білді.
Шығарманы СН-18 тобының студенттері Капенов Азат, Горощук Руслан, Бейсенов Әділхан; СК-10 тобының студенті Панас Анастасия; СП-11 тобының студенттері Омарова Назерке, Сеитов Алишер, Сапарова Мадина жазды.
«Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ,бала-жағасындағы құрақ» - деген қанатты сөздермен бастаған студенттер де бар. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық – суығына бейіделіп,ықпалына көніп,осында ер жетеді.
Жеті студент өз шығармаларын ұсынды. Омарова Назеркенің жұмысы үздік деп танылып, студент бірінші орынға ие болды. Екінші орын Капенов Азатқа бұйырды. Үшінші орын иегері – Горощук Руслан. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Қорыта келе студеттер өз ойларын толық аша білді.