«Табысқа жету жолы - 2021. Білім. Ғылым. Кәсіп» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысу.

«Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК студенттері Громак Евгений Витальевич, СП-19/2 тобы және Гузум Анастасия Альбертовна, СКД-18 тобы арнайы пәндер оқытушысы Дюсекеева Бибигуль Бахитжановна және математика пәнінің оқытушысы Кусеубаева Жанар Абилкасовна жетекшілігімен «Табысқа жету жолы-2021. Білім. Ғылым. Кәсіп» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция нәтижесі бойынша «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК студенті Громак Евгений оқытушы Дюсекеева Бибигуль Бахитжановна жетекшілігімен «Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы» ғылыми – зерттеу жұмысымен 1-ші орынға ие болды.

Студент Гузум Анастасия оқытушы Кусеубаева Жанар Абилкасовнаның жетекшілігімен «Өндірістегі фракталдар» ғылыми-зерттеу жұмысымен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында 2 орынға ие болды. Конференцияны ұйымдастырушылар: «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.

 

Карта сайта