Өз-өзіне қол салу (суицид) жағдайлардың алдын-алу , кризистік кезеңде студенттерге дер кезінде психологиялық жәрдем беру мақсатында колледжде әлеуметтік-психологиялық қызметі жұмыс жасайды.Барлық жұмысы студенттердің психологиялық денсаулығының нығайтылуына және жағымды психологиялық жағдай жасалуына бағытталған. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қостанай қызмет көрсету колледжі» КМҚК студенттері арасында өз-өзіне қол салу (суицид) жағдайлары болмаған. Бірінші курс студенттері арасында өз-өзіне қол салу (суицид) жағдайларын алдын-алу мақсатында , 2015 жылдың 14 қазанда өмірлік жоспарды жүзеге асыру үшін еркін эмоционалдық саланы қалыптастыру бойынша тренингтік сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар әлеуметтік және педагогикалық саладағы дезадаптациясы, дамудың өзекті саласын өзгерту мақсатында «тәуекел тобы» студенттерімен жеке әңгімелер өткізілді.

 

Еркін эмоционалдық саланы қалыптастыру бойынша

студенттерге арналған тренингтік сабақтар.

Жұмыс түрі – топтық.

Топтағы студенттер саны – 25 адам.

Әдістер: ойын, топтық пікірталас, арт–терапия ( суретпен жұмыс жасау), денелік – бағдарлау терапиясы, жұптық жұмыс жасау, талқылау.

Мақсаты: студенттерде эмоциялық тұрақтылық пен салмақты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.

Міндеттері:

- қоршаған әлеуметтік ортадағы құрбылармен және ересек адамдармен адекватты қарым-қатынас жасу дағдыларын, жағымды өнегелік ұстанымды қалыптастыру

- іштей өзін-өзі бақылау және теріс импульстарды ұстай,баса білу тәсілдеріне оқыту, жанжалды жағдайлардан шығудың конструктивті тәсілдеріне үйрету.

- қобалжушылық, беймазалық күйімен жұмыс жасау.

- адекватты өзін-өзі бағалау және өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

- жанжалды және агрессивті тәртіпті психологиялық түзету

  1. Амандасу.

Жүргізуші: Армысыздар!Бүгін бәріміз бірге өз ұнамсыз,жағымсыз жағдайларымыздан құтылу үшін, одан әрі жақсара түсу үшін, шыдамды, бір-бірімізге түсінушілікпен және құрметпен қарауға үйрену үшін жиналдық.

Кім ұялшақ және солқылдақ ,біздің сабақтарымыздан кейін ержүрек әрі батыл бола түссін, бір жерде бір минут та отыра алмайтындар ,жинақы және байсалды бола түссін. Барлық үрей, алаңдаушылықтарын жойылсын – бәріміз бірге өзімізді жақсы жаққа қарай бұрып,осы жолда жетістіктерге жетеміз!

  1. «Есім» жаттығуы.

Нұсқаулық: «Өз есіміңізді атаңыз және оның мағынасы туралы айтып беріңіз»

Түсінік: есім мағынасы қызығушылықты оятып, қандай адам екенін елестетуге мүмкіндік береді.

  1. Жаттығу. «Сөйлемді аяқта».

Барлығына рет-ретімен сөйлемдерді аяқтау қажет:

-  «Мен ең бақыттымын, егер …»

-  «Мен нашар күйге түсемін, егер …»

-  «Түсінбеймін, неге мен …»

-  «Менің өмірім ажарлана түсер еді, егер мен …»

-  «Бастысы, өзімде өзгерткім келетіні,бұл …»

  1. Жаттығу. «Мен білемін, мен ұнатамын».

Нұсқаулық: «Жұптарға бөлініңдер. Әрқайсысы кезекпен бір аяқта бес рет секіріп «Мен білемін», сосын басқа бір аяқта бес рет секіріп : «Мен ұнатамын…».

  1. Жаттығу. «Бір-бірімізге комплимент айтамыз»

Бөлек – бәрлығына жақсы көріну үшін екі орындықты бір-біріне қарама-қарсы қою керек. Бір ойыншыға бір орындықты алып, ал топтың басқа мүшелері кезекпен бос орындыққа отырады және оған тек қана жағымды қасиеттерін атайды.

Топтың әр мүшесі тыңдаушының орнын басу керек.

Рефлексия.

Тапсырманы орындау уақытында сіз не ойладыңыз және сездіңіз.

  1. «Бұл кім?» ойыны.

Нұсқаулық: «Бір адам есіктің артына шығады. Ал қалғандары кімді таңдайтынын келіседі. Жүргізуші таңдалған адамның жеке қасиеттерін оқиды, ал есіктің артына шықан адам оны табады.

  1. Жаттығу «Теміржол кассасы».

Жүргізуші:  Сіз вокзалдасыз және 15 минуттан кейін поезд орнынан қозғалатынын елестетіңіз. Кассада бір билет қалды, ал жолаушылар әлі көп. Сіз, кассирдің сізге билетті сатуына сендірінуіңіз қажет.

«Кассир», одан жақсырағы – өз-өзіне сенімсіз,ұялшақ бала. Қатысушылар кассаның жанында кезектесіп тұрады..

Кейін талқылау жүргізіледі.. «Кассирден» кері байланысуын сұрайды – кімге ол билетін сатар еді? Неге?  Кімге сатар еді?  Неліктен?

  1. Жаттығу «Суретті соңына дейін аяқта және шеңбер бойынша жібер ».

Нұсқаулық: «Ақ парақ қағаз алыңыз және қарындаштың әдемі түсін таңдап алыңыз. Мен шапалақ ұрған кезде, сіз қалаған суретіңізді сала бастаңыз. Шапалақ бойынша өз парағыңызды көршіңізге беріңіз, ол сурет салады. Сосын мен тағы да шапалақ ұрамын, қағаз әріқарай шеңбер бойынша өз қожайынының қолына қайта оралғанша бір-біріне беріледі».

Талқылау.

-  Сізге пайда болған ұнады ма?

-  Өзініздің сезіміңізбен және көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз?

9. Жаттығу «Алақандар».

Әрқайсысы қағаз парағын алады. Өз алақаныңызды қағазға қойып, сызып, алақан ортасына атыңызды жазып, әр саусағыңызға бала өзінен таба алатын бір жақсы қасиетін жазады. Аяқталған суреттер топта көрсетіледі, авторлары түсініктеме береді.

  1. Жаттығу «Күн шеңбері».

1 бөлім. Әр топ қатысушысы қағаз бетіне күннің көзін салады. Ортасында өзін бейнелейді немесе өз есімін жазады.

Күннің көп сәулелерін салады,олардың үшеуінде өзінің ең үздік қасиеттерін жазады.

2 бөлім. Балалар бір-бірін өз күні бар қағазды арқаларына тереуішпен жапсыруды сұрайды.

3 бөлім. Бөлмеде әнмен бірге балалар қозғалып, күн сәулелерінде балалар бір-біріне жақындап, сол жақындаған баланың жақсы қасиеттерін жазады. Орындап болғаннан кейін күннің көзі бар қағаздар алынып,әр қайсысы өз парағын өзімен алып кетеді.

Жүргізуші. Құрметті студенттер, сендер қиын жағдайға тап болған кезде. Өз күніңізді алыңыз,топ қатысушыларының жүрек жылуы міндетті түрде сендерді жылытады.

Сабақ рефлексиясы.

Өз құндылық мәлімдемесінің оқылымы

Студенттерге кәртішкелер үлестіріледі. Әрқайсысы дауыстап жазылғанды оқиды.

«Мен – бұл Мен. Әлемде дәл мен сияқты ешкім жоқ. Маған ұқсас адамдар бар, бірақ дәл мен сияқты ешкім жоқ. Маған барлық менің қиялдарым, менің армандарым, барлық менің үміттерім және қорқыныштарым тән.

Маған барлық жеңістерім мен табыстарым тиесілі.

Барлық менің жеңілістерім мен қателерім.

Барлығы да менікі. Сондықтан да мен өзімді жақсы көремін және өзіммен достық қарым-қатынастамын.

Жүргізуші.

- Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Әрқашанда күлімсіреп жүріңіз және ешқашан ажыраспаңыз. Бір-біріне күлімсіреп қараңыз! Қай жерде болмасаңыз да, сізде тек қана жақсылық болсын Армандарыңыз бен тілектеріңіз орындалсын.

 

Педагог-психолог: А.Н.Каминская

Карта сайта