Даяшы мамандығы… Таныстармен  кездескен кезде: «Немен айналысасың?» деген сұраққа «Мен колледжде даяшыларды оқытамын» деген жауапқа таңғалған  көздерін көрдім.

Артынан сұрақ туындады: «Бұл  мамандықты меңгеру үшін оқу керек пе?» Иә, керек! Өйткені  даяшы мамандығы әрқайсымыздың өмірімізде қажетті өте маңызды нәрселерді білуді болжайды. Бұл қарапайым сауатты және сыпайы қарым-қатынас, этикет ережесін білу, ыдыс-аяқ, аспаптардың дұрыс қолданылуын үйретеді.

 

Қай  қыз бала қонақтарға үстелді қалай сәңдеу керектігін, қандай шарап қай тағамға берілетінін білгісі келмейді? Иә тек қана қыз емес. Бұл маманнның білуге тиісті нәрселерінің шағын ғана үлесі. Мейрамхана келушілері тек қана тамақ ішіп қана қоймай, сонымен қатар көтеріңкі көңіл-күймен кету үшін қызмет көрсетуші персонал бұл үшін сәйкес жағдай жасауы тиіс. Сабақта студенттерді үстелге дұрыс дастархан жаюды, дұрыс ас мәзірін құрастырыуды үйрете отырып, барлық осы мәселелер тек қана қыздарды емес, сонымен бірге ұлдарды да қызықтырады, көздерінде от жанып, және байқап көруге ынтасы туады. Майлықтарды бүктеу бойынша сабақтары  студенттердің шынайы қызығушылығын тудырады,  ойлау, танымдық қызметі жандандырылады,  олардың шығармашылық әлеуеті ашылады. 

 

Жақсы даяшы-бұл жақсы психолог, балаларда мұндай қасиеттерді ашу үшін, сабақтарымызда біз әртүрлі темперамент типі бар келушілерге қалай қызмет көрсету керектігін талдаймыз ; келушілердің көңіл-күйіне сүйене отырып,  қызмет көрсету әдісін таңдауға үйретеміз; қызмет көрсету кезінде туындауы мүмкін жанжалды жағдайларды қарастырамыз. Аспаздық сабақтары студенттерге жай және күрделі тағамдарды дайындау технологиясын үйренуге мүмкіндік береді; фирмалық және ұлттық тағамдарды дайындау және ұсынуды білуге, өйткені келуші тағамдар мен сусындар жайында барлық ақпаратты қызмет көрсету персоналдан біле алады.  

 

Рөлдік ойындар, проблемалық жағдайлар түріндегі сабақтар, тақырыптар бойынша озық тапсырмаларды дайындау өз бетінше жұмыс жасауды дамытуға, білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді, олардың оқу ынытмақтастығын дамытады, топта үйлесімді және бірлікте жұмыс жасауға үйренеді, студенттер келушілерге қызмет көрсетудің жоғары мәдениетінің шеберлігі мен дағдыларына үйренеді. Жақсы даяшы – кез-келген өзін құрметтейтін мейрамхананың мақтанышы, бұл оның имиджі.  Даяшы жұмысы – бұл өз болашағын ойлайтын белсенді, өз алдына мақсат қоя білетін жастардың жұмысы. Өйткені бұл жұмыс кейіннен оқытуға ақша табуға мүмкіндік береді, өз мейрамханалық бизнесін құруда өз күшін сынап көру мүмкіндігін береді.

Сондықтан да менің мақсатым, студенттердің мамандық бойынша кәсіптік білімдерін қалыптастыру; оларды осы салада сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті ету; өз мамандығына деген құрмет және мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.

 

Автор: Свиридова Ольга Викторовна

 

Карта сайта