Менің жұмысым «Баян Сұлу» АҚ үшін білікті
жұмысшы мамандарды даярлаумен байланысты.
Дуальді дайындық барысында студент оқытудың алғашқы сатысында белгілі бір кәсіби құзыреттілікті, сонымен қатар жеке қасиеттерін де игереді: топта жопта жұмыс жасай білу шеберлігін, оңтайлы технологиялық шешімдерді таңдау дағдысын, жұмыста тапсырылған учаскесіне жауап беру. Жұмыс барысында болашақ мамандығын жаңа қырынан таңып, дұрыс мамандық таңдау туралы негізді шешім қабылдайды.
Әсіресе Баян Сұлу АҚ тығыз қарым-қатынас қалыптастырылды. «Баян Сұлу» АҚ 1219000 «Наубайхана, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығы бойынша болашақ кәмпитшілерді дайындау дуальді оқыту жүйесі негізінде жүзеге асырылады деп батыл айта аламыз.
Білім алушылар практикаға келген уақытынан бастап жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі, оларға тәжірибелі жұмысшы-тәлімгерлері бекітіледі, цехтар мен учаскілер бойынша бөлінеді. Тәжірибе сонында ұйым әр практикантқа жұмысына деген қарым-қатынасына, мамандықты игеру дәрежесіне мінездеме- пікір, ұсынымдар береді. Сонымен қатар кәсіпорын басшысы болашақ техник жұмысшы мамандығыны игеру бойынша біліктілік емтихандарын өткізу бойынша комиссиясына төраға ретінде қатысады. Жұмыс берушінің осындай кәсіптік оқытуға деген мүдделі қарым-қатынасы өзінің оң нәтижесін береді.
Карамель, шоколад қасиеттерін, жаңа кәмпит сорттарын алуды зерттей отырып, студенттер жұмыс және учаскінің жай тәсілдерінен күрделі тәсілдеріне ауысады, теориялық сабақтарында алған білімдерін бекітеді. Тәжірибелік сабақтарда өндірістік барлық кезеңдерін өтеді – шикізатты дайындаудан бастап дайын өнімді алуға дейін: карамель массасына дайындау: қант-сірне, помадалық және басұқа да шырындарды пісіру , және оларды түрлі дәмдеуші компоненттерімен шайқау, салқындату, араластыру; масса сапасын тексеру, дайындығын анықтау, салындыны дайындау, карамельді глазирлеу.
Кәмпитші білуі тиіс: кәмпит және карамель массасының дайындау технологиясын және рецептурасын, сұйық кәмпит сорттарын қалыптауды, көп қабатты, вафельді кәмпиттерді жақпалы конвейерде дайындауды; өнімді өңдеу сәңдеу тәсілдерін.
Кәсіпорында шебер тәлімгерлер оларға практикалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі, мамандықтың қыр-сырын тануға үйретеді. Қорытынды нұсқаулықта студенттер атқарған жұмыстары туралы есеп беруді жасайды, ө/о күнделіктерін толтырады.
Дуальді оқыту жүйесін пайдалану дәст.рлі жүйемен салыстырғанда осы жүйенің келесі артықшылықтарын көрсетті :
- Мамандарды даярлаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерінің кемшіліктерін жояды - теория мен тәжірибе арасындағы алшақтық;
- Дуальді оқыту жүйесі қызметкерлердің білім алуға және жұмысында дағды алуға жоғары мотивациясын жасайды, өйткені олардың білім сапасы жұмыс орындарында міндеттерді орындаумен тікелей байланысты;
- Студент қажетті тәжірибені алады; кәсіпорын – өзі үшін дәл «тапсырыс бойынша» кадрларды даярлайды, өзінің барлық талаптарына сай барынша сәйкестікті қамтамасыз етеді.
Дуальді оқыту жүйесін енгізу нәтижесінде колледж нарық өңірінде қажеттіліктерді негізге ала отырып бағдарламаларды әзірлейді, оқытушылар құрамының біліктілігін арттырады, бұл жалпы алғанда оқу мекемесінде кадрларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді және колледждің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне әкеп соқтырады.
Өндірістік оқыту шебері: Р.О.Жулучаринова