2017 жылдың 27 сәуірде Қостанай қызмет көрсету колледжінде «Заманауи өндірістік оқыту сабағын жобалау және жүзеге асыру» атты қызмет көрсету саласының өндірістік оқыту шеберлерінің оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберіндегі облыстық семинары өткізілді.

 

 

 

Семинар қатысушыларына, мақсаты жеке тұлғаның қалыптасуына және дамуына ықпал ететін, білім берудің гуманизациясымен тікелей байланысты өндірістік оқыту сабағына деген заманауи талаптарының тенденцияларымен танысу болып табылатын теориялық және практикалық бөлігін қарастыратын бағдарлама ұсынылды. 

Семинарды әдістемелік кабинетінің жетекшісі А.С.Нуркина ашты. Ол семинар қатысушыларының назарларын , отандық білімді жүйелі жақсарту, оның сапасымен қоғамның қанағаттануын арттыру мақсатында, кәсіптік білімді  басым ұлттық жобалардың құрамына енгізу  , қорытындылай келгенде осы салада әлемдік көшбасшыларымен  нақты бәсекеге қабілетті қазақстандық білім беруге өту педагогтар қызметінің сипатына өзеріс енгізетіндіктеріне аударды.   

ОӨЖ жөніндегі директордың орынбасары А.Б. Шалгимбеков А.С.Нуркинаның  ойын жалғастыра отырып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген  кәсіптік білім беру талаптарына тоқталып кетті, білім беру мазмұнын жаңарту міндеттерін шешуде жаңа жолдарды іздеуге ынталандырады. Ол  педагогикалық қызметінің барынша күрделі және сан қырлы болып өзгергенін атап өтті, өйткені колледж оқытушыларының кәсіпқойлығының сапалық сипаттамасына қойылатын талаптары артты.

Тәжірибе жүзінде сабақты жобалау алға қойылған міндеттердің шешімін табатындығын колледждің өндірістік оқыту шеберлеріне ашу ұсынылды. Семинар қатысушыларына үш өндірістік оқыту сабағы ұсынылды, бұнда шеберлер сабақ үдерісінде барлық үш деңгейде  іске асыруды ойлағандардың барлығын көрсетті: қабылдау, пайымдау және есте сақтау деңгейінде, үлгі бойынша білімді қолдану деңгейінде, жаңа жағдайларда білімді қолдану деңгейінде.

Осылайша, шебер О.В.Гончарова , «Гурьев ботқасын дайындау» тақырыбы бойынша  өндірістік оқыту сабағында өз жеке қасиеттеріне, топ сипаттамасына байланысты өз өнерін, өз әдістемелік жазуын заманауи талаптарының жүзеге асырылуына, сабақ компоненттерінің үйлесіміне қалай енгізу керек екендігін көрсетті. Бұрын алынған дағдылары мен шеберліктерінің бекіту сабағы байқау нысанында ойын элементтерімен құрастырылған. Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезең теориялық, практикалық тапсырмаларды орындау Екінші кезең «Гурьев» ботқасын және жеміс салатын  дайындаудың практикалық жұмысына бағытталған.

Шебер А.Қ.Қазбекованың  «Котлет массасы және одан ж/ө дайындау (котлеттер, биточкалар, шницель, тефтельдер)» тақырыбы бойынша өндірістік оқыту сабағы өткізілді,  бұл сабақта оқытушы қазіргі заманғы жағдайдағы сабақ тиімділігін арттыру өндірістік оқыту сабағының табиғатына терең үңілу қажеттілігіне байланысты екендігін, осы негізде оқытуды ұйымдастырудың нысандарының ерекшеліктерін анықтауды көрсетті. Сабақта өтілген материалды бекіту кезеңі білім алушылардың дағдылары мен шеберліктерін айқындайтын жаттығуларды орындау арқылы, өзгерген жағдайда алған білімдерін қолдану арқылы тапсырмаларды орындау жолымен жүзеге асырылды. Сәтті қолданылған тәсілдер «иә – жоқ», «практик» және «теоретик» турлары қайталау нысандары сабақ мақсаттары мен мазмұнына байланысты өзеретіндігін көрсетті.  

Өндірістік оқыту шебері Н.В.Шевченко. «Қантты плюшкаларды дайындау» тақырыбы бойынша сабағында оқу қызметін ұйымдастыруда түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану білім алушылардың субъективтік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Осылайша, ұсынылған білімді өзектендіру кезіндегі «Білім қапшығы» біртума тәсілі  әр білім алушыға білімді меңгерудің өз деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік берді. Өндірістік оқыту сабағы барысында  шебер алға қойылған міндеттерін табысты шешімін таба білді: білім алушылардың өз пікірін айтуға ынталандыру, қате жіберсе де, дұрыс жауап бермесе де қорықпай тапсырманы орындаудың түрлі тәсілдерін қолдану жолымен топ жұмысында әр білім алушының қызығушылық атмосферасын жасауға бағытталған алға қойылған міндеттері сәтті шешілді. 

Сабақтар және олардың талдауы аяқталғаннан кейін  семинар қатысушылары теориялық бөліміне шақырылды, қызмет көрсету саласы шеберлерінің ҚӘБ жетекшісі, өндірістік оқыту шебері, «Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы И.Н. Степченко «Құзыреттілік тәсіл негізінде заманауи өндірістік оқыту сабағын жобалау және іске асыру» баяндамасын жасады. Баяндамашы құзыреттілік тәсілге дәстүрлі білім берудің баламалы тұжырымдамасы ретінде қарауды ұсынды. Білім беру үдерісінде дәстүрлі және құзіреттілік тәсілдердің салыстырмалы талдауы жасалды және оның негізінде құзыреттілікке бағытталған өндірістік оқыту сабағын жобалау, құзыреттілік тәсіл логикасында сабақты жобалау алгоритмі кезеңдері ұсынылды.

«Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК баяндамашылары  аға шебері С.И.Яновщенко және өндірістік оқыту шебері Е.Г.Морозова «Заманауи өндірістік оқыту сабағын жоспарлау және іске асыру» баяндамасында, колледж шеберлерінің жинақталған тәжірибесіне сүйене отырып, қойылған мақсаттардың ең қысқа жолдары қарастырылуы қажет неліктен әр сабақты бұлай жоспарлау керек, бірінші кезекте қойылған мақсатына сәйкес құрылымы, әдістемесі және оқу құралдары белгіленуі қажет екендігі туралы айта кетті.

Заманауи өндірістік оқыту сабағынының оқу үдерісінде заманауи әдістерді қолдану нәтижесінде,  білім алушылардың таным процесіне деген эмоционалдық күйі артады,  оқу қызметінің мотивациясы, жаңа білімді, шеберлікті игеру және тәжірибе жүзінде оларды қолдану білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, ауызша сөйлеулерін, өз ойларын  қалыптастыру және айту, ойларын жандандыруды дамытуға ықпал етеді. 

Семинар жұмысы «Заманауи өндірістік оқыту сабағын жобалау» атты коучингімен аяқталды, оны Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, педагогикалық ғылымдарының кандидаты Т.С.Шумейко өткізді. Қатысушылар үш топқа бөлініп, алған білімдеріне сүйене отырып және ұсынылған сабақ құрылымының негізінде өз сабақтарының жобасын құрды.

Семинарды қорытындылай келе қатысушылар ең қызықты сәттерді атап кетті, өткізілетін семинарлардың сапасын арттыру бойынша тілектер айтылды.

 

 Колледж әдіскері Н.А.Тихонова

 

Карта сайта