24.04.2017ж.  Николай Островский атындағы кітапханада бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне арналған іс-шарасы болып өтті. Бұл шарада «Әуезовты оқимыз» жобасының қорытындысы жасалды.

 

 

 

 

 

 Іс-шараның мақсаты: кітап оқуға деген назарларын аудару, жаңа технологияларды қолдана отырып, қазақ классикалық әдебиетінің туындыларын, интернет-ресурстарын, цифрлық тасушыларды насихаттау.  

Н.Островский атындағы ОҚК қызметкерлері «Әуезовты оқимыз» жобасын іске асырды. Тақырып алдағы мерейтойлық күнге байланысты таңдалды– жазушы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған.

 

Аталған жобаның ерекшелігі Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасын оқуының бейне кітап ретінде құрылуы болды. Жобаны іске асыру барысында  кітапханашылар қатысушылардың үлкен бөлігін тарта білді. Барлығы 60 оқырман қатысты, М.Әуезовтың «Көксерек » шығармасынан өлең жолдарын жатқа айтты. Біздің колледжіміздің студенттері байқауға белсенді түрде қатысты.

 

Короткова Анастасия (СКК-34), Скороход Любовь,  Затворницкий Владимир, (СКД-18), Блюм Артур, Мұқашев Қуаныш (СПК-33), Рубан Владислав, Қапенов Азат (СН-18), Сейдахметова Әсел (СО-29), Каев Владислав (СП-28), Қазенова Ақжібек (СКД-17)  «Қостанай қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ  директоры А.Е.Сейдахметовтың  қолы қойылған алғыс  хаттарымен марапатталды.

      Сонымен қатар мерекеге біздің колледжіміздің студенттері қатысты: Короткова Анастасия, СКК-34, Рубан Владислав, СН-18, Дубинец Оксана және Скороход Любовь, СКД-18. Олар кітап әлемі, кітап оқудың пайдасы туралы жатқа өлеңдер оқыды. Осы байқаудың ұйымдастырылуына және өткізілуіне ҚҚКСК кітапхана меңгерушісі Рубец Любовь  Яковлевна үлкен үлес қосқаны туралы атап кеткіміз келіп тұр, балалардың Мұхтар Әуезовтың шығармаларын оқуға деген қызығушылықтарын оята білді , бейне кітапты құруға  қатысты.

И.В.Семенова, әдебиет пәнінің оқытушысы

 

Карта сайта