2017 жылдың 20 сәуірде Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің ақпараттық-насихаттау тобы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші модернизациясы- жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстелін өткізді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің басты бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады.
Дөңгелек үстелге біздің колледжіміздің 70 студенті қатысты. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының кандидаты дөңгелек үстелінің модераторы ретінде А.Б. Шалгимбеков қатысты.
Ақпараттық-насихаттау тобының қатысушылары Қазақстан Республикасы Елбасының Жоддауында қозғалған басты мәселелерін қарастырды.
Біздің колледжіміздің студенттері болып табылатын ақпараттық-насихаттау тобының қатысушылары колледж білім алушылары арасында бұрын да Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Негізгі баяндамалардан кейін қызу пікірталас өткізілді, дөңгелек үстелінің қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы
А.БӘлпейісов