3 мамыр күні ТЖ жөніндегі орынбасары  Әбікенова Әлия Меңдіғалиқызының және АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Көпбаев Барақ Қасымқанұлының жетекшілігімен біздің колледжімізде азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мақсатында дәстүрге айналдырылған «Сап түзеу және әскери әндер байқауы» іс-шарасы өткізілді.   Байқау Жеңіс күніне және Отанды қорғау күніне орай ұйымдастырылған.

 

Сапқа түзеу және әскери әндер байқауы білім алушылардың білім алушылардың патриоттық тәрбиесінің тиімділігін дамытады, нығайтады және арттырады, Отанымыздың қаһармандарын құрметтеуді дарытады, тәртіпке үйретеді, ұжымшылдықты дамытады.

Іс-шараға І курс студенттері қатысты. Барлық топтар дайындыққа ұқыпты және белсенді дайындалды.  

Әділқазы алқасы – құрметті қонақтар: ұлы Отан Соғысының ардагері Шапошник Николай Алексеевич және  Ауған соғысының ардагері Мұратбек Ермекұлы Жұбанышев. Ардагерлер барлығын келе жатқан мерекелерімен құттықтады, біздің жастарға тілек сөздерін айтты.

Әділқазы алқасы осы байқауда  қатысушы білім алушылардың санын , сапқа түзеу әнін салтанатты маршының орындалуын, сыртқы түрін, командирлердің командасын орындау.

 «Салтанатты  марш» номинациясының жеңімпаздары: I орынды – СК-10 тобы иеленді; II орын – СП-10 тобы иеленді; III орынға – СКД-18 тобы ие болды.

«Сапқа түзеу әні» номинациясының жеңімпаздары: I орын – СН-18 тобы иеленді; II орынға – СП-11 ие болды; III орынды – СКД-17 тобы иеленді.

«Үздік взвод командирі» номинациясында  Жұмағылова Камила (СКД-18) жеңімпаз атанды..

Құттықтаймыз!

  

                                                                               

 Әдебиет пәнінің оқытушысы В.В.Семенова

 

Карта сайта