4 мамыр күні біздің колледжімізде концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін барлығын колледж ауласындадала асханасы күтті. Бізбен бірге дәмдә ет қосылған арпа жармасынан колледжіміздің құрметті қонағы да Ұлы Отан Соғысының ардагері Подоляков Михаил Иванович дәм татты. Ардагерге біздің колледжімізде дайындалған сарбаздар ботқасы өте ұнады. Оның айтуынша, ботқа керемет дайындалған, дәл осындай ботқа соғыс жылдарында дайындалған. Педагогтар мен студенттерге осы іс-шара өте ұнап, есте сақталды.
Соғыста қаза тапқандарға құрмет көрсеткен Қостанайлықтарға және қала қонақтарына, жыл сайын 9 Мамыр күні Жеңіс паркінде әскери-дала асханасы ұсынылады.
Мәртебелі міндет ботқаны тарату біздің колледжімізге, біздің білім алушыларымызға жүктелді, бұл тапсырманы білім алушыларымыз аса жауапкершілікпен орындап, жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты.
Сонымен қатар 4 мамырда ө/о шеберлері Е. Г.Морозова және А. Қ.Ілиясова «Соғыс жылдарының наны» көрмесін ұйымдастырды.
Шеберлерінің жетекшілік етуімен біздің наубайшы-студенттері нағыз блокадалық нанды пісірді. Дәл осындай нанды блокадалы Ленинградта кәртішке бойынша үлестірген: бидай ұны жоммен, кебекпен, көкпекпен ауыстырылды.
Дәл осы нан көп адамдардың өмірін құтқарды. : «Ас атасы-нан» деген сөз бекер айтылмаған. Көрмеге қатысушылар және соғыс жылдарының наның дәм татқандардың ойларына бірден, соғыс – қатал және аштық уақыты екендігі, адамдардың қиын сынақтардан өткендері туралы ой келді. Бақыт пен тыныштық сыйлаған бейбіт өмірімізді де құндауымыз керек екендігін сол сәтте терең түсінеді екенсің.
И.В.Семенова, әдебиет пәнінің оқытушысы