4 мамыр күні колледжіміздің салтанат залында Ұлы Отан Соғысына арналған салтанатты іс-шарасы өткізілді , Бұл іс-шараны СКД-18 тобы дайындаған. Жүргізушілер Затворницкий Владимир және Скороход Любовь мереке бойына фашизмге қарсы соғыс, батырлар туралы, ерлік туралы, даңқ туралы лирикалық жолдарында айтты.
Залда отырғандардың бәрі соғыста қаза тапқандардың барлығын бір минут үнсіздікпен еске алды, олардың арасында – колледжіміздің құрметті қонағы, Ұлы Отан Соғысының ардагері Подоляков Михаил Иванович бар.
Бізге, жас ұрпаққа колледж директоры Мақанов Жанділдә Қожахметұлының құттықтау сөзі жадымызда ерекше сақталды, барлығымызға ашық аспан тілеп,Отанымызды қорғауға дайын, лайықты азаматтары боп өсуімізге тілек білдірді.
Ардагер Подоляков Михаил Иванович соғыс жылдарында танкист болып қызмет етті. Соғыстағы өмірі жайлы айта отырып, соғыста бірге болған, қаза тапқан жолдастарын еске алды. Ол сұрапыл соғысты есте сақтау, жаңа соғыстың басталуын болдырмау үшін қаншалықты маңызды екендігі туралы айтты.
Концерттік бағдарламада 1 курс студенттері орындауындағы вальс биі ерекше ұнады. Осы вальстің әуені бізді бірден 1941 жылдың мауысым айына көшірді.
Музыкалық жетекшісі Мұқашев Бақытжан Төлебайұлының және Бабий Дмитрийдің орындауындағы «Журавли» әні көрермендердің жүрегін мұңға толтырды Ұлы Отан соғысы осындай– «көзден жас ақты!»
Судак Аленаның (СКД-17) соғыс туралы жатқа айтқан өлең жолдары, Сабитов Азамат (СП-38) орындауындағы соғыс шарпыған «Эх, дороги» өлеңі соғыс жылдарын еске түсірді.
СП-11 тобының студенттері дайындаған хормен ән орындау барлық қатырғандарды біріктірді.Осы мерекені естен кетпес етіп аяқтаған балалардың өнерін залдағы отырғандардығң бәрі қолпаштады.
Коцюбко Елизавета, СКД-18