2017 жылдың 17 наурызда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің оқытушысы Өтембекова Раушан Қабиденқызы химия пәні бойынша ашық сабақты өткізді. Сабақ тақырыбы: «VI А тобы элементтерінің жалпы сипаттамасы. Оттегі, күкірт және олардың қосылыстарының сипаттамасы. VII А тобы элементтерінің жалпы сипаттамасы. Галогендер. Хлор және оның қосылыстары. Йод мәні».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :Оттегі, күкірт атомы құрылысын және олардың қасиеттерін, қолданылуын зерттеу; галогендер туралы, VII А тобы элементтерінің жалпы сипаттамасы туралы білімін қалыптастыру; хлор, йод қолданылуын зерттеу.
Дамытушылық: таңымдық қызығушылығын, қорытынды жасай білуді, химиялық реакцияларды дұрыс жаза білуді дамыту.
Тәрбиелік: тәртіптілікке және дербестілікке, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: зерттеу сабағы.
Оқыту әдістері: түсіндірмелі-көрсетілімдік, АКТ, зерттеушілік, сөздік, демонстрациялық, эвристикалық, практикалық, рефлексия.
Сабақ барысында мына пәндермен байланыс болды: АӘД, өндірістік оқыту, биология, физика, математика, қазақ тілі, орыс тілі, география.
Сабақ кезендерге бөлініп, өткізілді:
Ұйымдастырушылық кезең – сабақ мақсаттарымен таныстыру, топтармен таныстыру;
Білім өзектілігі– жаппай сұрастыру, жазба жұмысы;
Жаңа материалды игеру – презентация көрсетілімі, виртуалды тәжірибелер, көрсетілімдік тәжірибе;
Материалды бекіту - әртүрлі тапсырмалар берілді: «Химиялық теңдеулерді аяқтау», «Формулаларды сәйкестендір», «Үшіншісі артық» ойыны, тестілеу, сұрақ-жауап;
рефлексия;
үй тапсырмасы.
Сабақ химия пәні бойынша жоғары білім деңгейіне ие СКД-18 тобында сабақ өткізілді. Студенттер төрт топқа бөлінді, әр топ жоспар бойынша жұмыс жасады, элементтерді қорғады: Оттегі, Күкірт, Хлор, Йод. Студенттер химиялық және физикалық қасиеттері туралы айтты, тәжірибе көрсетті. Олар құрылысын, фихикалық және химиялық қасиеттерін, алынуын, табиғатта таралуын, биологиялық мәнін, қолданылуын зерттеді. Өз мамандықтарымен байланыстырды, химиялық теңдеулерді жазды. Міндеттерді бөлу кезінде топта сараланған, нақты айтқанда білімі және мүмкіншілігі бойынша тәсіл қолданылды. Күшті студенттер презентациялар құрастырды, материалдарды әртүрлі көзден іздестірді, тәжірибелер көрсетті.
Студенттер сабаққа белсенді түрде қатысты, топтардың бірлігі аңғарылды. Білім алушылар оқытылған бөлім бойынша жоғары білім деңгейлерін көрсетті, өз пікірлерін білдіре алулары, логикалық ойлай білулері, сабаққа белсенді қатысулары аңғарылды. Осылайша, студенттер сабақты толығынан қабылдады. Сабақ өз мақсатына жетті.