2016 жылдан бастап, Қазақстанда Елбасының 2016 жылдың 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен жарияланған жаңа мереке - Алғыс айту күні пайда болды.
Осы құжат арқылы осы мерекенің ресми атап өту күні – 1 наурыз күні деп бекітілді. Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында 2015 жылдың сәуір айында ҚХА 20 жылдығын тойлау шеңберінде Н.Ә.Назарбаев Республикамызда алғыс айту күнін атап өтуді ұсынды. Ал ҚХА құрылған күні – 1 наурыз күнін – «ел халықтары бір-біріне алғыс айта алатын, және елімізге көп халықтар жер аударған жылдары қазақтардың шыдамдылығы және қонақжайлылығы үшін алғыс айту күні». «Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне қайырымдылық жасау, махаббат және достық мерекесіне» – айналады деп айтты мемлекет басшысы.
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген кезінде өз сөзінде бірнеше халық тұтастай біздің елімізге жер аударылғандарын еске сала кетті. Сөз сөйлеу барысында , өз жанұясының өз үйіне жер аударған отбасыны өз үйіне тұрғызғандығын айта кетті: «Біздің отбасы, саманнан жасалған екі бөлмелі үйге, әр бөлмесі 10 шаршы метр, үш баласы бар отбасын үйге тұрғызды».
Біздің колледж атаулы мерекені өте жылы қабылдады, студенттер алғыс айтылған плакаттарды аса қызығушылықпен дайындап, ең маңызды және лайықты адамдарға арнаған. Осы мерекенің шығу тарихын және маңыздылығын білуге үлкен ниеттерін білдірді. Алғыс айту күні біздің колледжімізге жағымды ойлар мен жылы сөздер қалдырып, жақсы әсерге бөлендік.
«Өз тарихынды есте сақта және мақтан тұт!» – бұл мерекенің басты қағидасы. Алғыс айту күнінің басты мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақта толеранттылық, достық және бір-бірін құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу.