Мақсаты: Өз Отанын, туған жерін, елін сүюге,патриотизмге тәрбиелеу.

«Туған жерім - алтын бесігім» тақырабына  эссе жазылды. Бұл  шығарманы жазуға  1-3 курс студенттері қатысты. Олар елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне жазып өз ойларын толық жеткізе білді.

 

 

 

Сенен артық қасиет жоқты жер-тегі,

Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі,

Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер

Көркейтуге міндеттімін мен сені – деп белгілі ақын Әбу Сәрсенбаевтың өлең жолдарымен бастаған СКД-17 тобының студенті Казенова Ақжібек өз ойын толық жеткізе алды деп ойлаймын.

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас» - деп қанатты сөздермен бастаған студенттер де бар. Өз Отанын, жерін сүйетіндігін кейбір студенттер мақтана  жазды. Қазақстанның жерінің байлығы,кеңдігі, табиғатының сұлулығын айта келіп, өзге де халықтардың тату-тәтті тұрып жатқандығын мақтан тұтатындығын айтады. Қорыта келе  студеттер өз ойларын толық аша білді және мына орындарды иеленді.

1 - орын Ергалиева Әсем СКК-34

2 - орын Овечкина Алена СКД-17

3 - орын Казенова Ақжібек СКД-17

Қалған студенттер «Белсене қатысқаны үшін» мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары: Маделина А.Н. 

Каржаубаева Д.Ш.

Абишева А.К.

Карта сайта