13 наурыз күні СКД-17 және СКД-18 топтардың арасында «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» танымдық тапқырлық сайысы өтті.
Өткізген: қазақ тілі мұғалімі – Абишева Айман Қанатовна.
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін білуге, қазақ тілін меңгеруге, өз ойын жеткізе білуге үйрету
2. Дамытушылық: қазақ ақын жазушыларының шығармаларымен таныс болып, оны жатқа білуге баулу.
3. Тәрбиелік: Отансүйгіштікке және патриотизмге тәрбиелеу .
Бұл іс-шараға СКД-17 және СКД-18 тобының студенттері қатысты. Алты адамнан екі топ болып отырды. Топтарды қолдайтын жанкүйерлер де ойынға қатысты. Наурыз мейрамымен құттықтау сөздері айтылды. Наурыз туралы слайдтар қойылып, күйтаспадан ән орындалды.
Сайыс 8 кезеңнен тұрды.
1 - кезең; Презентация (наурыз).
2 - кезең; «Дода» (сұрақ-жауап) сайысы .
Бұл сайыста әр топқа 6 сұрақтан қойылды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай берілді. Жауап бере алмаған жағдайда 2-ші топ студенттері жауап беруге мүмкіндігі болды.
3 - кезең; «Мақал – сөздің мәйегі» сайысы берілген мақалдардың жалғасын тап.
4 - кезең; «Бәрін білгім келеді» Әр адамның есімі нені білдіреді, оның шығу тарихы неге байланысты болғаны да әркімді де қызықтырады. Орыс тілінен қазақшаға аударды.
5 - кезең; «Мен кондитермін» Әр топ үйден дайындап әкелген тәтті тағамы туралы айтып берді.
6 - кезең; «Қызықты ұйқастар» Екі топтын әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтты.
7 - кезең; «Өнерлі өрге жүзер» (үй тапсырмасы).
8 - кезең; «Кім көп сөздер біледі».