Жер бетінде керемет көп мамандықтар бар.  Солардың бірі - наубайшы.

Осы мамандықта жұмыс жасайтын кез-келген қоғамның қасиетті тағамы нанмен жұмыс жасайды. Себебі ас атасы-нан. Наубайшы мамандығын игере отырып, сіз тек қана табыс тауып қана қоймай, өзіңізді және жақындарыңызды қуанта аласыз. Наубайханалық қолөнері адамзатқа ежелден танымал.

 

Нан пісіру процесі іс жүзінде жүздеген жылдар бойына өзгерген жоқ,  тек технологиялық процесі қазіргі заманға сай өзгерді.

Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі зертханаларында «Наубайшы» мамандығы бойынша технологиялық апталығы шеңберінде шеберлік сабағы өткізілді.

Тақырыбы: «Бәліштер ассортименті».

Мақсаты: білім алушылардың практикалық  шеберліктерін және білімдерін анықтау,  еңбеккорлыққа және нанды құндай білуге баулу.

Шеберлік сабағына  СПК-14 және СН-18 тобының бірінші курс студенттері қатысты. Шеберлік сыныбы барысында бәліштер дайындалған: «Ақ ірімшік қосылған үгітілмелі қамырдан жасалған бәліштер», «Алма қосылған бәліштер» және бәліштерді дайындаудың кезең-кезеңмен дайындалуы туралы слайдтар көрсетілді.

Технологиялық апталығына қатысқандары үшін СПК-14 тобының студенттері Калачиков Артур және Кинес Шерхан грамоталармен марапатталды.

 

  Ө/о шебері: А.Қ.Ілиясова

 

Карта сайта