«Нет ничего сильнее жажды познания, силы сомнения.  Это стремление  есть основа всякой научной деятельности», - В.И.Вернадский сөзімен колледжімізде қысқы демалыс мерзімінде өткізілген  «Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» атты әдістемелік семинары басталды.

 

 

 

 

 Семинардың бастамашылары «Перспектива ҒБО» ҚБ  және Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі МКҚК.  05.01.2017 жылы семинарға  колледжіміздің оқытушылары мен өндірістік оықту шеберлері қатысып қана қоймай,  өзге мектептер мен колледждің 50 аса оқытушылары мен мұғалімдері қатысты: медициналық, политехникалық , педагогикалық және тұрмыстық сервис колледжі, Заречный орта мектебі,№ 1 және №23 мектебі. Семинардың қатысушылары  таңғы сағат  9:00-де келе бастады, осы уақытта колледждің бірінші қабатында тіркеу қызу жүріп жатты, сағат 10:00 –де акты залында семинардың ашылуы өтті. Құттықтау сөзімен «Перспектива ҒБО» ҚБ басшысы А. Бекмағамбетов және колледж директоры  Ж.Мақанов шықты.

Құттықтау сөзінен кейін «Ғылыми жұмыс жазуға қойылатын талаптар» дәріс визуализациясы өтті, дәріс оқушы педагогикалық ғылымдарының кандидаты К.С. Шалгимбекова. Кенжегүл Сапышқызы барлығына сәттілік тілеп, шағын үзіліске шақырды, онда қатысушылар колледждің өндірістік оқыту шеберлері дайындаған кондитерлік өнімдерін татып, шәй ішуге мүмкіндік алды.

Жиырма минут үзілістен кейін семинар жұмысы қайта жанданды. Қатысушылар секциялар бойынша тарады, әр секция жеке пәнді қарастырды. Ағылшын тілі бойынша секцияны педагогикалық ғылымдарының кандидаты  Данилова Виктория Валерьевна өткізді. Оның сабақтарында  біз ғылыми жұмыс тақырыбын дұрыс қалыптастыруды, мақсаттар мен міндеттерді қоюды,  зерттеу заты мен объектісін табуды үйрендік.  Виктория Валерьевна бізбен практикум жүргізді, шағын топтарға бөліп,  практикалық тапсырманы берді. Содан кейін барлық топтар сын мен мақұлдаудан өтті. Бұл практикум алынған ақпаратты жақсы түсіну үшін және и ғылыми жұмысты жазу бойынша білімдерін жинақтауға көмектесті. Сабақ біз үшін зая өткен жоқ, біз уақытты пайдалы өткіздік және  жаңа білім мен шеберлікті иелендік.

Орыс тілі мен әдебиет секциясын филология ғылымдарының кандидаты М. А. Сиривля өткізді. Этномәдениеттану секциясын аға оқытушысы Н.А. Пелипас және педагогикалық ғылымдарының кандидаты К. С. Шалгимбекова  өткізді.Қазақстан тарихы секциясын – тарих ғылымдарының кандидаты А. Б.Шалгимбеков өткізді.  Қазақ тілі секциясын – аға оқытушы Н.Е.Айтжанова өткізді.

Математика және информатика секциясын – аға оқытушы  О. В.Рак өткізді.

Семинар нәтижесі шығарылып,  барлық қатысушыларға «Орта мектеп оқушылары мен колледж білім алушыларының ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттар табыс етілді. Әдістемелік семинардың ұйымдастырушылары тыңдаушыларға, семинар лекторларына  қатысқандары үшін алғыс білдірді.

10.01.2017 жылы  біздің колледж қайта жоғары оқу мекемелерінен келген қонақтарды қарсы алды. Ғылым кандидаттары оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне семинар өткізді. ҚМПИ педагогика кафедрасының  аға оқытушысы А.Б.Шалгимбекова «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Аға оқытушысы Н.А.Пелипас  «Педагогикалық талдау сынып жетекшісі қызметінің қажетті элементі» тақырыбына әңгіме өткізді.Алынған ақпарат, әрине колледж оқытушыларына білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу үрдісінде көмек береді.

 

Карта сайта