Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде 2017 жылдың 14 ақпанда «Ауғанстан жалынында» ерлік сабағы өткізілді. Бұл іс-шара Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуына 28 жыл толуына арналған.
Сабақ мақсаты: Білім алушыларда біздің солдаттар мен офицерлерінің Ауғанстан соғысына қатысу туралы, олардың ерліктері туралы білімдерін қалыптастыру.
Білім алушыларда Отанды қорғау - әр азаматтың қасиетті парызы туралы түсініктерін дамыту.
Осы шараға Ауған соғысының ардагерлері М.Е.Жұбанышев, А.Г.Плотников шақырылды. Ерлік сабағының басында СК-29 тобының студенттері , әрбір соғысқа қатысушы ұрпақтың есінде соғыс жайында өз естелігі бар, ол қайтып оралмайтындар туралы естелігі туралы естеріне сала кетті. Ауғанстанда да – өз жадысы бар.
Соғыс – бұл әрқашан қайғы. Көпжылғы ауған әскери компаниясы Ауғанстан халқына көп қасірет әкелді. Отандастарымыздың отбасыларына да көп қайғы әкелді. Соғыс біздің еліміздің тарихына да белгі қалдырды. Осыған қарамастан соғыс біздің тарихымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Саясаткерлердің қатесі біздің солдаттар мен офицерлерінің өзге халықтарының бақыты мен әл-ауқаты үшін өз өмірлерін беріп, қан төккендері үшін ерлігін, батылдығын, батырлығын өшіре алмайды. Біздің солдаттардың ерлігі біздің жастарымыздың әскери-патриоттық тәрбие аклудың үлгісі болуы тиіс.
Осы іс-шара барысында Ауған соғысы жайында әндер айтылып, бейнематериалдар көрсетілді, өлеңдер оқылды.СП-36 тобының 3 курс студенті Сәбитов Азамат В.Высоцкийдің «Он не вернулся из боя» әнін орындады.
Бір минут үнсіздікпен және жауынгерлер фотосуреттерімен Қостанай облысының қайтыс болған ауғандықтарын естеріне алды!
Әңгіме барысында ауған соғысының ардагерлері естеліктерімен бөлісті және біздің студенттер қойған сұрақтарына жауап берді.
Мақаланы АӘД оқытушысы дайындаған: Б.Қ. Көпбаев