7 ақпанда Қостанай инженерлік - педагогикалық университетінде торттарды жоғары деңгейде көркемдік сәңдеу бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Өз шеберлігімен Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің өндірістік оқыту шебері Е.Л.Симутина бөлісті.
Алдымен Елена Леонидовна жасалатын жұмыстардың ерекшелігі және сәңдеу үшін қажет болатын шикізат пен материалдар туралы айта кетті. Қажетті дайындықтардан кейін шеберлер практикаға көшті, дәлірек айтқанда кремдердің дайындалуын көрсетті: ақуыздық-пісірілген кремі, крем-брюле, шайқалған кілегейден дайындалған крем.
Олардан екі тақырыптық торт дайындалған – «Свадебный» және «Лесная Полянка». Жұмыс қызу жүріп жатты, осы үрдісті бақылау өте қызық болды: студенттер, оқытушылар қажетті құрал-саймандармен жабдықталып, шебер көрсетіп жатқан сәңдеудің элементтерін қайталауға тырысты.
Шығармашылық үрдісі бірнеше сағатқа созылды, бірақ нәтижесі соған лайық. Шын мәнінде торттар өте жақсы шықты. Жұмыс аяқталғаннан кейін торттардың дегустациясы өткізілді, қорытынды шығарылып, сонымен қатар Е.Л.Симутинаға шеберлік сабағын дайындауға және өткізуге көмек бергені үшін алғыс хат табыс етілді.